8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Pfizer-мен вакциналау

Елордада Pfizer-мен вакциналау алғашқы буын медұйымдарында және "Абу Даби Плаза" СОО-дағы вакциналау пунктінде жүргізіледі.

Алайда, қазіргі уақытта вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлаймыз. Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізілетін болады. Барлық деректерді толтыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте, вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі.

КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады. Егер дозалар арасындағы аралық 3 айдан аспаған болса, алынған ревакцинацияны вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізу кезінде вакцинаның бірінші дозасы ретінде есепке алынады.

Мамандар қайта вакцинациялау екі компонентті бірдей қабылдап толық иммунадаудан өтуді қарастырады, ал ревакцинация – біреуін ғана қабылдау деп түсіндіреді.

Елордада американдық препараттың вакциналары жеткілікті - 1 және 2 компонентті 166 мың мыңнан астам доза. Сондай-ақ, Sinopharm Verocel, Qazvac вакциналары қала тұрғындары үшін қолжетімді.

  • 01
  • 02

 

003.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.