8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен үздік білім» атты сайыс-сабағы өтті

2022 ж. 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК  №1 арнайы пәндер онкүндігі жоспары бойынша «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен үздік білім» атты бітіруші топтар 3 курс студенттері арасында сайыс-сабағы өтті.

Сайыс-сабағы 5 турдан өтті.

І тур. Командалар сәлемдесуі (девиз, эмблеманы қорғау).

ІІ тур. Теоретиялық бөлім: конкурс қатысушылары компьютерлік  тестілеуден өтеді.

ІІІ тур. Интеллектуальді бөлім:

1. Блиц - турнир БШАЫЖ бойынша 0-2 айға дейінгі және 2 ай-5 жасқа дейінгі балаларды жүргізу алгоритмдері, жалпы қауіп белгілері.

2. Мәселелі есептерді шешу (шұғыл жағдайлар және дәрігерге дейінгі көмек көрсету).

IV тур. Тәжірибелік бөлім (тәжірибелік ептіліктерді көрсету: спейсермен және небулайзермен ингаляция жүргізу, оральды регидратация жүргізу, ректальды диазепам енгізу, парацетамолды есептеп беру ептілігі, нәресте жүрек-өкпе реанимациясы, жел шығару түтікшесін, тазалау клизмасын жүргізу).

V тур. УПМ бағдарламасы бойынша презентация (УПМ Модуль №2)

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтады:

  • 1 орын  131 м/і  Алимарданова Асылзат
  • 2 орын 136 м/і Хутмерген Ахерке
  • 3 орын 131 м/і Булатова Айгерім.

БШАЖ буклеттері сыйға берілді. Құттқтаймыз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

 

003.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.