8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Мен донормын» акциясы өтті

2022 жылдың 15 ақпанында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжімен бірлесіп «Мен донормын» акциясын өткізді. Қан тапсыру акциясы көп жылдар бойы Жоғары медициналық колледж қызметкерлері мен студенттері үшін жыл сайынғы шара болып келеді.

Орталық ұжымы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, толық медициналық тексеруден өткен донорл болғысы келетіндерді қабылдады.

Науқан барысында студенттер мен колледж қызметкерлері ерікті өтеусіз донор болды, еріктілер қатарында тұрақты донорлар да, жауапты кәсіпті алғаш рет шешкендер де болды.

Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады, өйткені Сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз, яғни қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық, ал дені сау адам болу қашан да үлкен бақыт болып табылады!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
2022-kz.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж