8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасуда

Елордалық медициналық ұйымдарда тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасуда. Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында № 3 қалалық емхананың мобильді егу бригадасы Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлеріне ревакцинация жүргізді. Мұғалімдер өздерінің және студенттердің денсаулығын сақтау үшін, сондай-ақ дәстүрлі офлайн форматта оқуды жалғастыру үшін қайта вакцина алудың маңыздылығын атап өтті.

Қайта вакцинациялау терапевт қарап тексергеннен кейін және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі. Вакцинаны алу алдында медицина қызметкерлері егілетін адамдарға түсіндіру жұмыстарын, сауалнама және тексеру жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда рәсімді жүргізуге рұқсат ресімделеді.

Жоғары медициналық колледж ұжымы № 3 БП басшылығына мобильді бригадаларды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
2022-kz.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж