8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Жоғары медициналық колледж студенттеріне семинарлар өтті

30 қараша күні 3 Қалалық емханасының Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандары Жоғары медициналық колледж студенттеріне репродуктивті денсаулықты қорғау, қыздардың физикалық және психологиялық денсаулығына жауапкершілікті тәрбиелеу мәселелері бойынша бірқатар тақырыптық семинарлар өткізді.

Кездесудің бірінші жартысы репродуктивті денсаулықты сақтау тақырыбына арналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша репродуктивті денсаулық жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі болып табылады және адамның дамуында орталық орын алады. Бүгінгі таңда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы біздің мемлекетіміздің басымдықтарының бірі болып табылады.

Семинар аясында қыздардың денсаулығына әсер ететін факторлар, контрацепция әдістері, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың және АИТВ/ЖИТС алдын алу туралы әңгімелер, сауалнамалар, презентациялар өткізілді.

Студенттердің мінез-құлық қауіп факторлары туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында іс-шараның екінші бөлімінде СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов баяндама жасады.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды, сондай-ақ өздеріне пайдалы ақпарат алды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05

 

2022-kz.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж