8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Ұлт ұстазы» атты әдеби шығармашылық іс-шара

Астана қаласының  жоғары медициналық колледждің қабырғасында «Бір колледж - бір кітап»  акциясы  бойынша  Ахмет  Байтұрсыновтың 150 жылдығына арнап 2022 жылғы қараша айының 14-ші жұлдызында өткізілген «Ұлт ұстазы» атты әдеби шығармашылық іс-шараның есебі.

Қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы ғалым, ұлы ұстаз, сөз құдыретін танытқан айтулы ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, шебер аудармашы, туған халқының руханиятына көп еңбегі сіңген алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап, ағартушылық бағыттағы мұраларын насихаттау мақсатында колледж кітапханасында «Бір колледж-бір кітап» акциясы аясында «Ұлт ұстазы» атты әдеби шығармашылық кеш өткізілді. 11м/і тобының білім алушылары Ұлт ұстазының әр түрлі тақырыптағы шығармаларын оқып, баспа беттеріндегі жарық көрген мақалалары жайында пікілерімен бөлісті.

«Бар байлық, бар білім кітапта. Кітап- адамзат ақыл ойының інжу-маржанын ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп беретін ғажайып құрал». Бүгінгі дамыған заманда жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір-кітапхана.  Бүгінгі күні кітапханамызда осы құнды тарихтан орын алған кітаптарды сақтап қана қоймай, оны насихаттап, көпшілікке таныстыру мақсатында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ақын, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткерінің әр түрлі тақырыптағы өлеңдер жинағы, шығармалары, аудармалары, әріптестерінің естеліктері, баспа беттерінен жарық көрген мақалалар мен пікірлерін осы көрмеден көрулеріңізге болады.

Осы мақсатта жастарымыздың патриоттық сезімдері күшейіп, әдебиетке деген қызығушылықтары артады. Рухани мұраны сақтау керектігін түсінеді.

 

2022-kz.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж