8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Мен - шығармашыл кітапханашымын»

2022 жылдың 22 қазанында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласының Жоғары медициналық колледжінде «Мен - шығармашыл кітапханашымын» атты білім алушылардың өзін-өзі басқару  күні  өтті. Білім алушылар  өзін –өзі басқару арқылы уақытша кітапханашының қызметін атқарып,  оқулықтар таратты, оқырмандарға жаңа кітаптар ұсынды, кітап көрмелерін ұйымдастырды, оқу формулярларын рәсімдеді, оқулықтармен жұмыс істеді. 

Білім алушылар кітапханашы ретінде кітап беріп қана қоймай, ақын – жазушыларымыздың, ғалымдарымыздың жаңа еңбектерін білу керектігін, ақпараттық технологияны меңгеріп, өзін –өзі жан-жақты дамытып , күнделікті білімін толықтырып, жетілдіріп тұру керектігін түсінді. 

Олардың кітап оқуға деген қызығушылықтары артты. Кітапханашының еңбегін құрметтеп, кітапты сүйіп оқу керектігін түсінді.

Осындай мақсатта білім алушылар кітапханашылық қызметтің ой-өрісінің кең, жан-жақты білімді, шығармашылық қабілеті ауқымды екенін, әрі күрделі, әрі тартымды, қызықты қызмет екенін көрді.

Білім алушылар кітапханашының еңбегін бағалап қана қоймай, бұл еңбектің өзіне тән ауыртпалығы да бар екендігін ұғынды.

Осындай іс-шаралардың арқасында кітапханашының көмекшілері де көбейетін болады.  Оқырмандардың түсіністігі кітапханашы үшін жоғарғы баға болып есептеледі. 

Алда бізді қызықты жаңалықтар күтіп тұрғаны сөзсіз.

  • 1
  • 2

2022-kz.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж