8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  04.12.2023ж. Жоғары медициналық колледжде «Шуақ» еріктілер клубы жұмыс жасайды. Клуб құрамында 450 студент бар. 05 қараша – Халықаралық волонтерлар күніне орай Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы Қ.Қамбаров Астана қаласының жастары саясатының дамуына қосқан үлесі және белсенді азаматтық ұстанымы, қаламыздың еріктілер қозғалысын дамытуда қосқан үлесі үшін колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Гулшарипа Ыбыханқызын «Алғыс хатпен» марапаттады. «Шуақ» еріктілер клубы мүшелерінің жұмысына дән ризашылығымызды білдіреміз!

  01.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж жатақханасында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында колледждің Азаматтық қорғаныс (АҚ) және төтенше жағдайлар (ТЖ) жөніндегі маманы Ногуманов Д.О. студенттерге «Өрт қауіпсіздігінің алдын алу, өрт қауіпсіздігінің шаралары» тақырыбында дәріс оқыды. 
  Дәріс барысында білім алушыларды өрт жағдайындағы шаралар жайлы презентация мен ақпараттық-материалдарымен таныстырды. Дәрістен соң оқытушылар студенттердің бөлмелерінде болып, олардың тұрмыс-тіршілігі, бөлме тазалығын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

  01.12.2023ж. 01 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жоғары медициналық колледжде нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, студенттердің мінез-құлық қауіп факторлары және олардың салдары туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің № 3 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК өкілдері «Мінез-құлық қауіп факторы – нашақорлық. Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
  Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері, есірткі заттарын тұтынудан туындаған түрлі сипаттағы проблемалар, вирустық гепатит, АИТВ/ЖИТС сияқты есірткі құралдарын тұтыну арқылы таралатын аурулардың алдын алу мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  2023 ж. 30 қараша күні колледжде педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 

1. Мамандардың жаңа моделін даярлау және қалыптастыру үрдісінде психологиялық-педагогикалық сабақтастыққа жағдай жасау. І курс студенттердің  жаңа оқу орнына бейімделу туралы. Баяндамашы: Кулахметова Р.М. – колледж психологі.                                                                                                       

2. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. Баяндамашы: Ахмет К.Ы.                                                                       

3. Оқу үрдісіндегі цифровизация. «Platonus» ААЖ, ҰББДҚ (НОБД) туралы ақпарат.                                                                                       

4. Әр түрлі сұрақтар. 

  Отырыс барысында оқылған баяндамалар бойынша сұрақтар көтереліп, талқыланды.                                                     

  29.11.2023ж. Жоғары медициналық колледжде «Ұлы дала» дебат клубының ойыны өтті. Ойын барысында студенттер өздерінің тұшымды ойларын ортаға салды, пікір айтты. Нәтижесінде дебат ойынының ең үздік спикері анықталды. Ең үздік спикерлер 11 м/і тобы білім алушысы Шымырбай Ұлпан, 13 м/і тобы студенті Амантайқызы Айша деп танылды. Дебат ойыны өз жалғасын табатын болады. 

  2023 жылдың 28 қарашада Жоғары медициналық колледж кітапханасында республикалық "Бір ел - бір кітап - 2023" акция аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковқа арналған "Тұғыры биік - Төлен" атты көрме жасалып, 21 е/і тобының қатысуымен оқырмандар конференциясы өтті, шығармалары таныстырылып талқыланды.

 

2022-kz.png
© Copyright 2023 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж