Талапкерлерге арналған ақпараттық буклет
Колледж миссиясы – елорданың және республиканың еңбек нарығында сұранысқа ие, құзыреттілік көзқарас негізінде бәсекеге қабілетті маандарды даярлау мақсатында халықаралық стандарттарға бағытталған жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.
Талапкер-2023
Мемлекеттік лицензия №KZ08LAA00032843
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК 2023-2024 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде талапкерлерді қабылдауды жүзеге асырады.
Бюджеттік негізде негізгі орта, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім негізінде келесі мамандықтар бойынша:
- 09130100 «Мейіргер ісі» «Жалпы практикадағы мейіргер» 4S09130103 біліктілігімен (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Негізгі орта білім оқу мерзімі 3 жыл 10 ай.
Жалпы орта білім оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
- 09130200 «Акушерлік іс» «Акушер» 4S09130201 біліктілігімен (мемлекеттік тілде). Жалпы орта білім оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
- 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен (мемлекеттік және орыс тілінде). Жалпы орта білім оқу мерзімі 3 жыл 6 ай.
Ақылы негізде негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім негізінде келесі мамандықтар бойынша:
- 09120100 «Емдеу ісі» 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігімен (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Негізгі орта білім оқу мерзімі 3 жыл 10 ай.
- 09110100 «Стоматология» 4S09110103 «Тіс дәрігері көмекшісі» біліктілігімен (орыс тілінде). Негізгі орта білім оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
- 09130100 «Мейіргер ісі» «Жалпы практикадағы мейіргер» 4S09130103 біліктілігімен (мемлекеттік тілде). Жалпы орта білім оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
Техникалық және кәсіптік білімнен соң ақылы негізде келесі мамандық бойынша:
- 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен (жеделдетілген троектория, мемлекеттік және орыс тілдерінде). Оқу мерзімі 1 жыл 6 ай.
- 09130100 «Мейіргер ісі» 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Кешкі оқыту түрі. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 маусымы мен 15 тамызы аралығында, ақылы негізде 2023 жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
(Квоталарды растау ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысына сәйкес іске асырылады, 21.04.2021ж. өзгерістерімен).
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы №405 бұйрығымен өзгертілген) оқуға түсуші тұлғалар психометриялық тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, мамандық бейініне сәйкес келетін медициналық мамандықтарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, сондай-ақ қолданбалы бакалавр біліктілігіне қысқартылған оқу мерзіміне түсетін тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түрінде арнайы емтихан белгіленеді.
Арнайы емтихандар, психометриялық тестілеу оқуға түсушілер үшін негізгі орта білім беру негізінде күнтізбелік жылдың 18 тамызын қоса, жалпы орта білім беру негізінде күнтізбелік жылдың 21 тамызын қоса, ақылы негізде – 26 тамызын қоса өткізіледі.
Конкурс Білім басқармасының құжаттары мен нәтижелері бойынша алған бағалары (баллдары) бойынша міндетті және мамандандырылған пәндердің орташа балы (балдары), сондай-ақ Колледж өткізетін арнайы емтихандар бойынша талапкерлерді автоматтандырылған бөлу арқылы ақпараттық жүйесімен, сонымен қатар қабылдау квотасы ескеріліп өткізіледі.
Негізгі орта білім негізінде талапкерлер үшін Конкурс келесі пәндер бойынша өткізіледі:
- Міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі);
- Бейінді пән (биология, химия).
Жалпы орта білім негізінде талапкерлер үшін Конкурс келесі пәндер бойынша өткізіледі:
- Міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы);
- Бейінді пән (биология, химия).
Ақылы негізде талапкерлерге арналған конкурсты Колледж 2023 жылдың 26-28 тамызы аралығында өткізеді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілген жағдайда қосымша ақпарат колледж сайтында ұсынылатын болады. Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет - ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
Мекен жайымыз: 010000, Астана қ., Шәкәрім Кұдайбердіұлы даңғылы, 16.
Телефондар: +7 (7172) 331-567 (қабылдау бөлмесі), 356-008 (есеп бөлімі)
Сайт: www.hmc-astana.kz
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.