8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

15.12.2022ж. Жоғары медициналық колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіз елім!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара ҚР-ның Әнұранымен ашылды.

Колледж ұжымы мен студенттерін Тәуелсіздік күнімен колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы құттықтап, еселі еңбегі үшін оқытушыларды Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының жеңімпазы Бердібай Сапарбекке Құрмет грамотасы мен қаржылай Сертификатын табыстады.

15.12.2022 жылы Астана қаласы, жоғары медициналық колледж кітапханасында ,,Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 111 м/і білім алушылармен ,,Адамдар оқуды тастаған кезде, ойлаудан қалады" тақырыбы негізінде кітапханалық квилт өткізілді. Білім алушы ұл, қыздар кітапты оқудың адам өміріне маңыздылығы жайлы ой өрбітіп, пайдасы жайлы мағлұматтармен бөлісті. Арасында ғылыми дәлелдер келтіріп, ойшылдардың пікірлерімен ойларын қорытты. Қорыта келе ,,Ерік, жігері күшті кез-келген адам күн сайын жүйелі жұмыс жасай отырып, ойлау мүмкіндіктерін арттыра алады"- деп түйіндеді.

,,Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын" кітап көрмесіне өздерінің жақсы көретін авторларының сөздерін стикерге жазып жапсырды.

Соңында кітапханашы А.Қайсанова ,,Адамның ойының дамуына кітаптың әсері мол" екендігін атап өтті.

12.12.2022 ж. Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологі Рахимжанова Айымгул Ерланқызы Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмағандар арасында «Қарым-қатынас және топтың бірігуіне арналған тренингтер» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингте білім алушылар көп мағлұматтар алып, өз ойларын ортаға салды.Тренинг қызықты өтті.

09.12.2022ж. СӨС туралы білімді қалыптастыру, қыс мезгілінде жарақаттанудың алдын алу мәселелерінен хабардарлықты арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №3 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері арасында «Жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. 

09.12.2022ж. СӨС туралы білімдерін қалыптастыру, темекі шегудің зияны туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледждің 1 курс кәмелеттік жасқа толмаған студенттері арасында «Мінез – құлық қауіп факторы-алкоголизм. Алкоголизмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.   

2022-kz.png
© Copyright 2023 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж