Оқу-әдістемелік бағыт
2022-2023 оқу жылы
Оқу-әдістемелік жұмыс бұрыннан барларын дамытып жетілдіруге, сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырудың жаңа принциптерін, формалары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған. Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқытушыларға олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға әдістемелік көмек көрсету және осының негізінде оқу үрдісін жетілдіру және дамыту үшін оқу-тәрбие жұмысын түзету. Колледждің әдістемелік тақырыбы: «Кредиттік-модульдік технологияны жүзеге асыруда оқу үрдісіндегі оқытудың инновациялық әдістері». Негізгі мақсат: оқытушылардың ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру және кәсіби-педагогикалық деңгейін көтеру. Міндеттері: оқытушының біліктілігін арттыру, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, студенттердің жеке басының кәсіби қасиеттерін дамыту. Әдістемелік қызмет жұмысының негізгі бағыттары: ұйымдастыру-педагогикалық, оқу-әдістемелік, сараптамалық-диагностикалық.
Колледжде әдістемелік жұмысты 4 ЦӘК жүргізеді: №1, №2, арнайы пәндер ЦӘК, жалпы кәсіптік пәндер, жалпы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік-экономикалық пәндер ОӘК. Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы колледждің, ОӘК, педагогикалық-әдістемелік кеңестер, жас педагог мектебі, озық тәжірибе мектебі жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Жас педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және жеке іс-әрекет стилін дамыту үшін ЖПМ жұмыс істейді. Белгілі бір қиындықтар мен бейімделу үрдісін жеңу үшін жас оқытушылар тәжірибелі ұстаз – тәлімгердің бақылауында болады. Сабақта оқытушының іс-әрекетін жобалау, шығармашылық әлеуетін анықтау, заман талабына сай оқыту технологиясын таңдау мәселелері қарастырылады. Жаңадан бастаған жас оқытушыларға арналған семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары, бейімделу бойынша психологиялық тренингтер, инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі бойынша тренингтік вебинарларын Білім беру жаңғырту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының жаңғырту орталығы ұйымдастырады. Әрбір оқытушы үшін оқу-тәрбие жұмысын, оқу-әдістемелік жұмысты, оның ішінде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, әдістемелік әзірлемелерді, басылымдарды шығаруды қамтитын оқытушылардың өзін-өзі тәрбиелеуінің жеке жоспарлары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, біліктілігін арттыру, сыныптан тыс жұмыстар әзірленді. Оқытушылардың барлық қызметі колледждің миссиясына, мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келеді. ЦӘК оқу жылының соңында оқытушылардың жеке өзіндік білім алу жоспарларының орындалу сапасы туралы есептерін қарайды, рейтингтік картаны қорытындылайды, оқытушының кәсіби, педагогикалық деңгейі туралы ұсыныстармен қорытынды жасайды (әдістемелік кеңестердің хаттамалары), ЦӘК отырыстарының хаттамалары).
Оқу үрдісін белсендірудің бір жолы – тиімді білім беру технологияларын енгізу. Оқытушылар оқытудың интерактивті әдістерін, ынтымақтастық технологияларын, проблемалық оқыту және сыни тұрғыдан ойлау технологияларын пайдаланады. Клиникалық пәндерді оқуда студенттердің оқу белсенділігін арттыру үшін «нақты жағдайлар» әдісі қолданылады: жағдаят-проблема, жағдаят-бағалау, жағдаят-иллюстрация, ауру тарихын талдау, алгоритм бойынша іс-әрекеттер. Практикада имитациялық оқыту қолданылады, «динамикалық тапсырмалар» әдісі, оның шешімі клиникалық ойлауды дамытады, студенттерді тез дұрыс шешім қабылдауға үйретеді және олардың болашақ кәсіби қызметіне жақындатады. Оқытудың белсенді түрлерін пайдалану студенттердің білім, білік және дағды деңгейіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткізеді.
Педагогтар «Өрлеу» білім беру және оқыту ұлттық орталығында, «Талап» ҰАҚ-да және басқа да білім беру орталықтарында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері», «Білім беру үдерісіне ІТ-технологияларды енгізу», «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес» және т.б. тақырыптары бойынша біліктіліктерін арттыру арқылы кәсіби деңгейлерін арттыруда.
Колледжде әдістемелік жұмысты 4 циклдік әдістемелік комиссиялар жүргізеді:
- №1, №2 арнайы пәндер ЦӘК
- Жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК
- Жалпы гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми, әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі
Цикл комиссияларының өзіндік қызмет бағыты бар және бір мезгілде колледждің «Кредиттік-модульдік технологияны енгізуде оқу үдерісіндегі инновациялық оқыту әдістері» атты бірыңғай әдістемелік тақырыбын жүзеге асырады.
31.08.2022 ж. колледждің педагогикалық кеңес отырысы өткізілді
12.09.2022ж. жас оқытушы мктебінің отырысы өткізілді
22.09.2022ж. Колледждің әдістемелік кеңес отырыс өткізілді
27.10.2022ж. әдістемелік кеңес отырысы өткізілді
2022 жылдың қазан айында инновациялық жұмыстардың қалалық байқауы өтті
2022 жылдын қыркүйек-қазан айларында қалалық «Үздік педагог» байқауы өтті