8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МҚКК-да

медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Медициналық пункттің қызметі 2019 жылдың 04 қарашадағы №19021856 дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Медициналық пункттің негізгі міндеттері болып табылады:

  • жалпы және жұқпалы аурулардың, мүгедектіктің, өлімнің алдын алу мен азайтуға бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараны ұйымдастыру және өткізу;
  • студенттерге санитарлық-гигиеналық тәрбие беру;
  • әскерге дейінгі және әскер жасындағы бозбалалардың психофизикалық дайындығы деңгейін арттыру;
  • жастардың репродуктивті денсаулығы деңгейін арттыру.

Медициналық пунттің қызметін жүзеге асыру үшін мейірбике лауазымы енгізілді, оның «Жалпы тәжірибедегі мейірбике» сертификаты бар.

Медициналық пунктте (жалпы ауданы 38,6 шаршы метр) 3 кабинет бар:

  • қабылдауға арналған;
  • процедуралық;
  • изолятор.

Кабинетте мейірбикенің жұмыс кестесі бар, ол №3 студенттік емханадағы алдын алу жұмыстарын өткізуді есептеумен құрылады.

 

2022-kz.png
© Copyright 2023 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж