Оқу-әдістемелік бағыт
2020-2021 оқу жылы
Оқытушының санаттық деңгейі және оның шығармашылық жұмысқа деген ынтасы, болашақ мамандарды даярлауда білім сапасын көтеруде маңызды фактор болып табылады. Оқытушылық құрамы ұйымда студентке базалық және кәсіби құзіреттідік қалыптастыруына жағдай жасай алатын ыңғайлы оқу ортасын құру бағытымен жұмыс істейді. («Оқуға тұлғалық, студенторталықтандырылған әдіс концепциясы»). Тиімді және сапалы оқыту сабақтарға өзара қатысу және студенттердің білім мониторингі арқылы бағаланады. Оқытушылар жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдаланады: модульдіқ, компьютерлік, ойындық, иммитациондық, денсаулық сақтау технологиясы, критикалық ойлау, мәселелік, стимуляциялық және тұлғалық оқыту. Сонымен қатар, оқытуда студенттердің клиникалық ойлауы, ақыл-ой қызметін деңгейлік қалыптастыруда мынадай тәсілдер мен әдістер қолданады: интеллект-карталар, эссе, жобалау әдісі, дифференцияллды, жекелеген-іздену әдісі, рөлдік ойындар, дөңгелек үстелдер, дебаттар, электронды почта және интернет ресурстарын сабақта кеңірек қолданылады.
ЦӘК отырысындағы және директормен болған отырыстардағы есептің сараптамасы бойынша ОӘК, силлабустар, бақылау материалдарын жасалу сапасына ерекше назар аударылады. Колледж оқытушылары эксперимент ретінде қолданбалы бакалавриаттардың білім беру бағдарламаларын құрып, жаңа оқу-әдістемелік құжаттарын, сондай-ақ силлабустарды кешенді түрде жасайды. Оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде силлабустарды құрастыру мақсатында, әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.
Колледждің жұмыс жоспары бойынша педагогикалық және әдістемелік кеңестері өткізіліп отырады. Осы отырыстарда Білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу үрдісіндегі әр түрлі өзекті сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, оқытушылардың шығармашылық жұмыстары талқыланады. Осы қарастырылған, талқыланған сұрақтар мен мәселелердің оң шешімдері шығарылады.
24.06.2021ж. On-line түрінде әдістемелік кеңес өткізілді
15.06.2021ж. «Мейірбике ісіндегі қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша ОӘБ отырысы өтті
25.03.2021ж. ONLINE түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті
17.03.2021ж. «Оқытушы-студент қарым-қатынасындағы адами мәдениеттілік» атты тренинг-кеңесі өтті
25.02.2021ж. ONLINE түрінде әдістемелік кеңес өткізілді
01.02.2021ж. «Сыни ойлау технологиясын дамыту» тақырыбы бойынша сабақ өтті
28.01.2021ж. ONLINE түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті
23.01.2021ж. «АКТУАЛЬНЫЕ ПОДХОДЫ К АНАЛИЗУ СОВРЕМЕННОГО УРОКА» тақырыбы бойынша қашықтан оқыту семинары өтті
22.01.2021ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған курс
24.12.2020ж. ONLINE түрінде әдістемелік кеңес өткізілді
26.11.2020ж. ОNLINE түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті
12.11.2020ж. Жас оқытушылар мектебінің отырысы online түрде өтті
29.10.2020ж. ОNLINE түрінде әдістемелік кеңес отырысы
30.09.2020ж. ONLINE түрінде әдістемелік кеңес отырысы өтті