8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

«Талап» КЕАҚ орталығынан оқытушыларының оқуы жалғасуда. Біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы: «ТжКБ жүйесінің оқытушысы: еңбек функцияларын жетілдіру» – 108 сағат. Оқығандар: Бейсенова Ж.Б., Бимендина Д.А., Егенбас А.Ж., Сүйіндікова С.Т.

Бүгінгі таңда  біліктілікті арттыру курстарынан өтуде: Өткелбаева Г.Д., Жұмағұлова Б.Т., Бекболқызы А., Хамет М.Қ.

Оқытушының  біліктілік санатына аттестациядан өту арқылы өзін-өзі оңтайлы іске асыруы оның  оның кәсіби-педагогикалық деңгейін арттыру ең маңызды кезең болып табылады.   

2022-2023 оқу жылына 13 оқытушы біліктілік санаты бойынша аттестациядан өтуде. Бір оқытушы-педагог-зерттеушіге,  педагог-сарапшыға 6 оқытушы, педагог-модераторға 6 оқытушы.

2021-2022 оқу жылында барлығы 6 оқытушы  өтініш берді, тамыз айында – 1 оқытушы педагог-модераторға, қараша айында– 2 оқытушы, наурыз айында – 3 оқытушы. Нәтижесінде, 1 оқытушы – педагог-модертаорге өтті,  педагог- зерттеуші 1 оқытушы өтті, 1 оқытушы педагог-сарапшыға өтті.  Наурыз айында ҰТО тестілеу кезеңінен 3 оқытушы өте алмады.  

Аттестация аясында қазан айында аттестаттау комиссиясының сарапшыларын шақырумен ашық есік күні өткізілді. Аттестациядан өтетін оқытушылар: Жаупанова З.Ж. сабақтың тақырыбы: «Балалар дамуындағы динамикалық процесс. Бала Дамуын мониторингілеу. Баланың физикалық дамуын багалау» тақырыбы бойынша  121 м/і тобы,   Анарова А.А. тақырыбы: «Акушерлік дағы шуғыл көмек. Жүктілік кезеңіндегі гипертониялық жағдайдағы шұғыл көмек көрсету», 123 м/і тобы, Манатова К.К. «Қызметіне əсер етен дəрілік заттары жоқ Қалқанша», 124 с/д тобы ашық сабақтар өткізді.  Барлық сабақтар сараптау комиссияның шешімі бойынша аттестацияның келесі кезеңінен өту бойынша ұсыныстармен оң бағаланды.

  • 10
  • 11

Оқытушылардың  ғылыми қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – баспа қызметі. 2021-2022 оқу жылына оқытушылардың 35 мақаласы жарияланып, Республикалық «Елордалық білім», «Білімдегі жаңалықтар», «Зияткерлік қоғам», «Дарабоз Education» ғылыми-педагогикалық журналдар мен ғылыми-танымал газеттер  беттерінде, сонымен қатар, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар мен педагогикалық оқулар жинақтарында келесі оқытушылардың мақалалары жарияланды: Саржанова А.Н.,  Жаупанова З.Ж.,  Мусажанова М.К., Карабаева ж.С., Манатова К.К., Кулахметова Р.М., Анарова А.А., Майжанова Г.Т., Утепова А.Е., Жумагулова  Б.Т., Кабиболла А.Қ., Аренова М.Б.,  Балтабекова С.А., Ахмеджанова С.К., Ахметова Г.Б., Кожахметова А.Н.    

 Дайындалған авторлық әзірлемелер:

«Педиатриядағы мейіргерлік іс» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Жаупанова З.Ж.

«Науқастарға қарқынды терапияның ерекшеліктері» әзірлеу кезеңіндегі оқу-әдістемелік құрал Алтынбеков М.Б.

«Психология негіздері және коммуникация дағдылары» пәні бойынша студенттерге арналған тренингтік ойындар мен жаттығулар жинағы, Карабаева Ж.С.

  • 13

Оқу үрдісін белсендірудің бір жолы – оқытудың инновациялық әдістерін қолдану.

Жалпы гуманитарлық пәндердің оқытушылары (оқытушылардың көрсеткіші - 26%) интерактивті оқыту әдістерін, ынтымақтастық технологияларын, проблемалық оқытуды, ойын технологияларының элементтерін, компьютерлік технологияларды пайдаланады. Арнайы пән оқытушылары (оқытушылардың-клиницистердің көрсеткіші 60%-ы) клиникалық пәндерді оқытуда студенттердің оқу әрекетін күшейту үшін «нақты жағдайлар» әдісін қолданады: ситуация-проблема, ситуация-бағалау, ситуация-иллюстрация, ауру тарихын талдау, алгоритмге сәйкес әрекеттер. Тәжірибелік сабақтарда симуляциялық оқыту қолданылады, «динамикалық тапсырмалар» әдісі, оның шешімі клиникалық ойлауды дамытады, студенттерді тез дұрыс шешім қабылдауға үйретеді және олардың болашақ кәсіби қызметіне жақындатады.

  • 14
  • 15

Онкүндік жоспарына сәйкес ЦӘК оқытушыларымен  келесі іс-шаралар өткізілді:

Жалпыгуманитарлық, ғылыми-жараталыстаны, әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі – 6 іс-шара: дөнгелек үстел 113 м/і тобында «ҚР басқа елдермен қарым-қатынасы» тақырыбы бойынша оқытушы  Курмашев Б.Н.; Интелектуалды ойын 11 м/і «Үш тілдің патшалығы»  Шмаева К.К., Джолдинова К.К.,  «Кітаптар көрмесіне саяхат»  в 11 м/і, 111 бак., Сулейменова С.Н.; Ұлттық мұражайға саяхат,  111 е/і, Акбергенова А.И., дөңгелек үстел «Адамның  отбасындағы орны» в 113 м/і,  Разакова Р.О.;  111 е/і және 113 е/і топтар арсындағы  үстел тенисі бойынша спорттық жарыс  Сарсенбаев П.А., Әбдіқадыр А.Ж. 

Жалпыкәсіптік пәндер циклі – 6 іс-шара: «Жүрек бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеті» ашық сабақ Рахманбердыева З.Х., дөңгелек үстел «Жеңіл түрдегі анемияның қаупі бар ма?» Жумагулова Б.Т., «Мамандығым-мақтанышым» атты іс-шара «Олимп» зертаханасында өткізілді,  оқытушылар Сулейменова Б.А., Тургынова Ж.О., Арынбекова А.А.;  Карабаева Ж.С., Кулахметова Р.М., Кожахметова А.Н. «Медицина қызметкері мен емделушілер арасындағы өзара қарым-қатынас» және «Эмоционалды күйзеліс» атты тренингтер өткізілді.  

№1 арнайы пәндер циклі – 3 іс-шара: «Педиатриядағы мейіргерлік іс» пәні бойынша «Педиатриядағы мейіргер ісі үздік білім үшін» тақырыбымен бітіруші топтар арасында, Жаупанова З.Ж.; «Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативтік көмек  және күтім көрсету» пәні бойынша  «Паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру. Онкологиялық аурулар мен науқастарғы жалпы күтім принциптері» тақырыбымен ашық сабақ, 124 м/і, Майжанова Г.Т.,  конференция «Инсульт кезіндегі оңалту іс шаралары» Жарылкасынова Г.А.

№2 арнайы пәндер циклі – 3 іс-шара. Сыныптан іс-шара І курс арасындағы «Медицина колледжінде оқу барысындағы симуляциялық тәжірибе мен базадағы тәжірибенің ерекшелігі»   Утепова А.Е.; 111 акушер тобында «Дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары» тақырыбы бойынша  шебер-сынып, Ахмеджанова С.К.; Конференция на тему: «Бронхиалды астма» 122 м/і бакалавры преподаватель Джантемирова Е.К.

  • 16
  • 17

Білім беруді жаңғырту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында қалалық деңгейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке 30 жыл. Медициналық білім берудегі инновациялық тәжірибе. Тәжірибе. Мәселелер. Шешімдер» тақырыбында қаладағы медициналық колледж оқытушыларының қатысуымен педагогикалық оқулар өткізді. Педагогикалық оқулар екі секция бойынша өтті: «Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда заманауи білім беру технологияларын қолдану», «Оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда студенттер арасында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру». Колледжден Жаупанова З.Ж., Тұрғынова Ж.О., Манатова К.К., Карабаева Ж.С., Аренова М.Б. қатысты. Нәтижесінде: Жаупанова З.Ж., Манатова К.К. 1 орынға ие болды, Аренова М.Б. 3-орынға ие болды (2021 ж. қазан).

  • 18

«Үздік жас маман» қалалық байқауына жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Тұрғынова Ж.О. қатысты. Байқау үш кезеңнен өтті: визитка ұсыну, бейнесабақ түсіру және инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы баяндама дайындау. Бейнесабақ «Джиксо» әдісі және Kahoot платформасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы

«Педиатрия әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбында көрсетілді. Қатысу сертификаты, (қазан, 2021 ж.)

2022 ж. ақпан айында ТжКББ оқытушылары арасында өткен қалалық «Үздік педагогикалық идея» байқауына Г.Т.Майжанова, Қарабаева Ж.С., Құлахметова Р.М. қатысты. Нәтижесінде Майжанова Г.Т. «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша 2 орын алды.         

2022 ж. сәуір айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Медициналық білім берудегі жаңа көзқарас» Республикалық педагогикалық оқулар өтті. Колледжден жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Жумагулова Б.Т. қатысты, нәтижесінде  1 орынға ие болды  (сәуір, 2022 ж.)

  • 19

Педагогтардың «Педагогикалық шеберлік пен шығармашылық жинағы» Халықаралық кәсіби байқауы «Үздік ашу сабақ» номинациясы бойынша Жаупанова З.Ж., Ахметова Қ.Д. - II дәрежелі дипломдар.

Республикалық деңгейде студенттер Кадышева И.В., Теслина Г.Н., Мусажанова М.К., Цветкова Л.В., Жиеналина Б.А., Ахметова Г.Б., Ахметова К.Д.,  Ахмеджанова С.К., Кошаева П.К., Ешетова Т.С. жетекшілерімен жалпы кәсіптік пәндер бойынша республикалық «Гиппократ» қашықтық олимпиадасына белсенді қатысты.  Жалпы қатысушылар – 125, жүлделер – 45 (қазан, 2021 ж.). Қалған студенттерге сертификаттар табысталды. Оқытушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Батыс Қазақстан «Жалпы медицина» мамандығы бойынша халықаралық қатысуымен «Жедел жәрдем» студенттік олимпиадасына колледжден оқытушылар Жетибаева У.Ж., Сулейменова Б.А., Цветкова Л.В., Жумагулова Б.Т., Жакупова М.О. жетекшілігімен 7 студент қатысты нәтижесінде   қатысу сертификаттарын ие болды (наурыз, 2022 ж.).

Свердлов облыстық медициналық колледжімен бірлесе отырып (Ресей), халықаралық ынтымақтастық аясында «Емдеу ісі» және «Мейіргерлік іс» мамандықтары бойынша 12 студент жалпыкәсіптік пәндер оқытушылар Мусажанова М.К., Сулейменова Б.А.,  Цветковой Л.В. жетекшілігімен адам анатомиясы мен физиологиясы бойынша Халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысты. Нәтижесінде – 6 жүлделі орын, 2-дәрежелі диплом – 5 адам, 3-дәрежелі диплом – 1 адам (сәуір, 2022 ж.)

«Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» және «Акушерлік іс» мамандықтардың  студенттер арасында «Медициналық терминологиямен латын тілі негіздері» пәні бойынша өтілген Халықаралық қашықтық олимпиадасына 16 студент қатысты. Нәтижесінде: І дәрежелі диплом -2, ІІ дәрежелі диплом -2, ІІІ дәрежелі диплом - 2 адам. (ақпан, 2022 ж.).

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес «Анатомия. Физиология. Патология» Қазақстан Республикасының Жоғары медициналық колледждері арасында (15 колледж). Оқытушылар Мусажанова М.К., Цветкова Л.В. олимпиада тапсырмаларының материалдарын әзірлеуге белсенді қатысты. Нәтижесінде колледжден 2 студент (1-дәрежелі диплом), жетекшілері Мусажанова М.К., Цветкова Л.В. (мамыр, 2022 ж.).

  • 20

2022-kz.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж