8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Жүрегіңнің жылуы еш, сөнбесін!» атты психология апталығын өткізу жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК 13.12.21ж. және 21.12.21ж. күндері аралығында «Жүрегіңнің жылуы еш, сөнбесін!» атты психология апталығын өткізу жоспарланып отыр.

Ұраны: «Қиындықтан қорықпаған, жақсылықты жақындатады».

Өткізу мақсаты:

- Білім алушылар мен оқытушылардың психологиялық құзіреттілігін арттыру;

- Психологиялық денсаулықтың маңызын көтеру;

- Жеке тұлғаның «Жан жылулығы» көз қарасының дамуына ықпал жаса;

- Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы сенім деңгейін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

- Студенттер психологиялық денсаулық жайлы кеңірек информация алады;

- Студент пен оқытушы қарым-қатынасындағы сәттілік әкелетін жағдаяттардан хабардар болады;

- Уақыт құндылығының маңызын, тағы бір назарға ұсыну.

Апталықтың алғашқы күні – 13 желтоқсан «Өзінді таны» («Познай себя») студенттермен таңғы көңіл көтеру тренингі өткізіліп, «Эмоция» қабырға газеттері мен коллаждар көрмесіне оқу топтарының жұмыстарын жинақтаумен басталды. Педагог-психологтар Құлахметова Р.М. мен Карабаева Ж.С. ұйымдастыруымен өткелі отырған апталықта: «Өзін-өзі диагностикалау» психологиялық тренинг, «Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде» мерекелік іс-шара, «Көңіл-күйіңді көтер, қуана біл!» сынып сағаты, «Менің сүйікті кәсібім...» оқытушылармен психологиялық сұхбаттар өткізіліп, апталық соңын «Психологиялық апталықтың ізімен» атты шарамен қорытындылану және марапаттаулар өткізу жоспарланып отыр.

  • 01
  • 02
  • 03
003.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.