8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

"Медициналық және әлеуметтік күтім" кәсіби құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazkhstan VI Ұлттық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті

15 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде "Медициналық және әлеуметтік күтім" кәсіби құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazkhstan VI Ұлттық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Бір күні елордалық колледж басқа медициналық мекемелердің өкілдерін тарту орталығына айналды. Қазақстанның түрлі қалаларынан келген чемпионаттың 16 қатысушысы өз колледждерін ұсынатын болады.

Worldskills Kazakhstan қозғалысын дамытуды басқару жөніндегі бас менеджер Төлегенов Қазыбек Қанатұлының айтуынша, "Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыреті мейіргерлік көмектің үздік әлемдік әдістемелерін анықтауға және оларды практикаға енгізуге көмектеседі.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжінің директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна құттықтау сөз сөйледі. Ол чемпионатқа қатысу - бұл жас мамандар үшін басқа өңірлердегі білім беру ұйымдарымен кәсіби оқыту ерекшеліктерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігі екенін атап өтті.

Үш күн ішінде (17-19 қараша аралығында) сарапшылар жас мамандардың жұмысын бағалайды. Конкурстық тапсырмалар бірнеше модульден тұрады және арнайы жабдықталған аймақтарда өткізілетін болады.

Республикалық чемпионаттың жеңімпазы 2022 жылы Шанхайда өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан 1953 жылы құрылған WorldSkills International халықаралық қозғалысының мүшесі болды. Оның мақсаты-бүкіл әлем бойынша кәсіптік даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру, бүкіл әлем бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды танымал ету. Қазір WorldSkills қызметіне 77 ел қатысуда.

  • 1
  • 2
  • 3
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.