8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Алғашқы инклюзивті "Қанаттылар" театры ашылды

Нұр-Сұлтанда алғашқы инклюзивті "Қанаттылар" театры ашылды. Ерекше театрдың 20 шақты әртісі бар. Оның қатарында 8 есту қабілеті нашар жан, 5 арбадағы жан, 3 көру қабілеті төмен және 2 ДЦП-мен (балалардың целебралды сал ауруы) диагнозы бар ерекше әртіс. Біздің колледж студенттері спектакль премьерасының алғашқы көрермендерінің бірі болды.

"Қанаттылар" музыкалық-поэтикалық спектаклі жас жігітке ғашық болған арбадағы жас қыздың тағдырын сипаттайды. Спектакль лирикалық жанрда болғанымен мазмұны адам тағдыры мен өмір туралы. Бүкіл спектакльді би ансамблі сүйемелдейді. Оның қатысушылары-сөйлемейтін немесе естімейтін жасөспірімдер. Олар музыканы діріл арқылы сезінеді және сахнада керемет өнер көрсетеді. Инклюзивті театрдың басқа әртістері де өз шығармашылығымен бөлісті. Кейбіреулер өлең оқыды, ал басқалары ән айтты. "Қанаттар" спектаклінің премьерасына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келді. Көрермендер әртістерді қошеметпен қарсы алды.

  • 001
  • 01
  • 03
  • 04
  • 05

 

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.