8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Мейірбике ісіндегі қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша ОӘБ отырысы өтті

2021 ж.15 маусым күні Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МКК онлайн түрде «Мейірбике ісіндегі қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша ОӘБ отырысы өтті.

Күн тәртібінде төмендегідей сұрақтар қаралды:

  1. Қолданбалы бакалавр бағдарламасы бойынша ҚР Жоғары медициналық колледждер студенттерінің арасында онлайн түрде өткен «Мейіргерлік іс зерттеушілері» Республикалық байқауының өткізілу талдамасы. Баяндамашы: Қызылорда жоғары медициналық колледжінің қолданбалы бакалавр бөлімінің жетекшісі - Байгабылова Лаззат Тлектесовна
  2. «Медициналық білім берудегі жаңа көзқарас» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған педагогикалық оқуларды ұйымдастыруды және өткізуді талдау. Баяндамашы: Қостанай жоғары медициналық колледжінің ғылыми жұмыс бойынша менеджері - Заскалько Екатерина Евгеньевна.
  3. Қолданбалы бакалавр бағдарламасы бойынша ҚР Жоғары медициналық колледждерінің оқытушылары арасында қашықтан өткен «Үздік видеосабақ» байқаудың нәтижелері. Баяндамашы: «Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ әдіскері – Турганбаева Гульназ Абибуллаевна.
  4. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасының студенттер арасындағы «Эрудит – анатом - 2021» Республикалық қашықтан өткен олимпиадасын өткізудің талдамасы. Баяндамашы: Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК оқу-әдістемелік бөлім басшысы – Тлеужанова А.Б.

ОӘБ отырысының ашылуы. Отырысты ОӘБ төрайымы Саржанова Акбала Нурсейтовна ашты, Жоғары медициналық колледж өкілдеріне жұмыстың күн тәртібімен таныстырып, ОӘБ жұмысының жоспарына сәйкес өткізілген іс-шаралар туралы жалпы мәлімет берді.

Күн тәртібіне сәйкес баяндамашылар өткізілген іс-шаралардың талдамасын жасап, алдағы уақыттағы жұмыстарға өз ұсыныстарын білдірді.

  • 01
  • 02
  • 03
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.