8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Адам анатомиясы мен физиологиясы пәні бойынша қашықтықтан Халықаралық олимпиадасы өтті

2021 жылдың сәуір айында "Емдеу ісі" және "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК студенттері (барлығы 15 қатысушы) Адам анатомиясы мен физиологиясы пәні бойынша қашықтықтан Халықаралық олимпиадасына қатысты.

Студенттерге жетекшілік еткен жалпы кәсіптік пәндер оқытушылары: Цветкова Л. В., Мусажанова М. К., Сулейменова Б. А., Рахманбердиева З. Х., Артыкова С. Ж. Студенттердің зияткерлік дамуы, кәсіби және шығармашылық өсуі үшін жағдай жасау мақсатында өткізілген олимпиаданың ұйымдастырушысы Свердлов облыстық медициналық колледжі болды.

Олимпиада міндеттері:

1. Студенттерге анатомия және адам физиологиясы пәні бойынша білімдерін тексеруге мүмкіндік беру.

2. Студенттердің жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

3. Студенттердің кәсіби қалыптасуы үшін Адам анатомиясы мен физиологиясы пәндерін игеруге деген ынтасын арттыру.

4. Оқытудың заманауи құралдарын жасауға жәрдемдесу.

Нәтижесінде:

Диплом І орын: 1. Холдикулов Әділ – 132 «Емдеу ісі» 2. Садвокасова Сабина – 132 «Мейіргер ісі» 3. Сабитова Зарина – 132 «Мейіргер ісі» 4. Котова Виктория – 132 «Мейіргер ісі».

Диплом ІІ орын: 1. Жолдыбек Ербол – 132 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры».

Диплом ІІІ орын: 1.Қайыржанова Айман – 111 «Мейіргер ісі». Сертификаттар: Әбілдә Д., Мұсахан С., Нұрмағамбетова М., Орынтаева А., Сәрсеналы А., Шахиджанова Р., Амантай С., Липилкина И., Тулеужанова К.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.