8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасында медбикелік кәсібінің дамуы. ғылым. ізденіс. жаңашылдық» атты ІІ Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2020 жылдың 9 желтоқсаны күні Нұр-Сұлтан қ әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК «Қазақстан Республикасында медбикелік кәсібінің дамуы. Ғылым. Ізденіс. Жаңашылдық» атты ІІ Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты мен міндеті:

  • Білім берудің қолданбалы бакалавриат бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың  интеллектуалды бастамаларын дамыту;
  • Ғылыми ойлау тәсілін дамыту, өз қызметіне шығармашылық тұрғыдан қарау үшін алғышарттар құру;
  • Болашақ мамандардың жалпы және коммуникативті мәдениет деңгейін көтеру;
  • Медбикелік іс төңірегінде ғылыми зерттеулерге ынталандыру;
  • Оқу материалдарын қосымша меңгеруде ғылыми тәсілдер арқылы студенттерді дайындау сапасын жақсарту.

Негізгі бағыттар:

  • Медбикелік кәсібінің негіздері;
  • Қауіпсіз пациенторталықтандырылған медбикелік күтім;
  • Әлеуметтік мәні бар аурулар тұсындағы медбикелік іс;
  • Дәлелді медбикелік тәжірибені дамыту

Конференцияға 49 өтініш келіп, оның 23-і өз баяндамаларымен конференцияға қатысты.

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.