8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай нлайн – конференция өтті

2020 жылдың 27 қараша күні «Жоғары медициналық колледждің» Ms.Teams платформасында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тұңғыш Президент-Елбасының Қазақстанды ядролық қарусыз державаға айналдырудағы рөлі» тақырыбында онлайн – конференция өтті.⠀Конференция Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасының доценті, т.ғ.к. К.Ш. Аубакированың және колледж әкiмшiлiгi мен ұстаздарының қатысуымен өтті және қатысушыларға «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Парасатты шешім» деректі фильмі көрсетілді.

Сонымен қатар, 1-2 курс студенттері, атап айтқанда, 111 «емдеу ісі» «фельдшер» тобының студенттері: Қонарбай Мұқағали, Балтабай Құралай, Тұтқабай Сымбат осы аталған тақырыпта өз пікірлерін білдіріп, талқылауға белсене араласса, Теміржанқызы Арухан мен Азат Асем өз авторлық өлеңі мен эссесін оқыды.

  • 01
  • 02
  • 03
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.