8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Оnline түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті

26 қараша 2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде педагогикалық кеңес отырысы өтті. Колледж директоры Ақбала Нұрсейтітқызы Саржанова педагогикалық ұжымға күн тәртібін таныстыра отырып, отырысты ашты.  

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 

  1. Мамандардың жаңа моделін даярлау және қалыптастыру үрдісінде психологиялық-педагогикалық сабақтастыққа жағдай жасау. І  курс студенттерінің кәсіби бейімдеуі туралы. Баяндамашы: Колледж психологі – Кулахметова Р.М. 
  1. Әлеуметтік әріптестік – кәсіптік білім беру сапасының кепілі. 2019-2020 оқу жылында колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы. 2018, 2019, 2020 жылдардағы түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу. Баяндамашы: Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары – Кадышева И.В. 
  1. Оқу үрдісіндегі цифровизаңия. «Platonus», «MS Teams»  және Ұлттық білім беру базасы (НОБД) туралы жалпы мағлұмат. Баяндамашы: Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы  -Абильдинова Г.С., Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы –Мукашева Т.К. 
  1. Құқықтық оқулар. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасындағы ізгілік қағидаттары». Баяндамашы: Жалпыгуманитарлық пәндер циклінің төрайымы – Бутабаева С.Е. 

Педагогикалық кеңес отырысында барлық сұрақтар қамтылып, шешім шығарылды. 

Әдістемелік отырыс барысында Ақбала Нұрсейітқызы қашықтықтан оқыту кезеңіндегі оқытушылардың өз міндеттері мен оқыту тәртіптерін сақтауы туралы жалпылама айтып өтті.

  • 01
  • 02
  • 03
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.