8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Оnline түрінде әдістемелік кеңес отырысы

29 қазан 2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде әдістемелік кеңес отырысы өтті. Колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы Саржанова педагогикалық ұжымға күн тәртібін таныстыра отырып, отырысты ашты.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Оқытушының кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін арттыру – келешек мамандардың сапасын арттыру шарттарының бірі. (Қызметтің осы бағытында аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындылау). Баяндамашылар: Джолдинова К.К., Майжанова Г.Т.
  2. Колледжде кітапхананың оқу-тәрбие үрдісінде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету рөлі. Баяндамашы: Кітапхана меңгерушісі Буранбаева М.Е.
  1. Оқытушылардың Біліктілікті арттыру курстарынан өту нәтижесі бойынша есебі. Баяндамашылар: Туканаева С.С., Исина С.Т., Суиндыкова С.Т.

Әдістемелік отырыс барысында бірінші сұрақ бойынша баяндамашылар аттестатциядан өту аясында 5 жылдық тәжірибелерін мәлімдей отырып, сабақта пайдаланатын жаңа технологиялардың тиімділгі туралы атап көрсетті. Сонымен қатар, оқытушылар шығармашылық қызметіндегі жетістіктеріне жеке тоқталды.           

Екінші сұрақ бойынша кітапхана меңгерушісі оқу үрдісін дамыту мақсатында колледж кітапханасы электрондық жүйелі бағдарлама кешенімен қамтылғандығын баяндай отырып, кітапхана қоры туралы жалпы мағлұмат берді.                                                

Үшінші сұрақ бойынша оқытушылар оқыған курстары туралы есеп берді.              

Осы сұрақтар бойынша баяндамашылар берген талаптар мен ұсыныстар оқытуышылардың назарына алынуы қажет екендігі айтылды.

  • 01
  • 02
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.