8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

1-курс студенттерін «студенттік қатарға қабылдау» оnline салтанатты рәсімі өтті

2020 жылдың 3 қараша күні «Жоғары медициналық колледжінің» оnline Mc.Teams платформасында 1-курс студенттерін «студенттік қатарға қабылдау» салтанатты рәсімі өтті.

Шара салтанатты түрде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен ашылды.

Колледжіміздің директоры Саржанова  Ақбала  Нұрсейітқызы өз құттықтау сөзінде  студенттерімізді мерейлі мерекелерімен құттықтап, жүректен шыққан ақ тілегін арнады.

Сонымен қатар, осы  аталған іс-шараның  қадірлі қонағы болып «Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» басшысының орынбасары Рүстемова Алия Шайзадаевна, «Nur Otan» партиясы «Jas Оtan» Жастар қаанаты Елордалық филиалының Төрағасы Жанділдаев Бақдаулет Болатұлы, Нұр-сұлтан қаласының № 7 Қалалық емханасының бас дәрігері Куанышева Айгуль Шалабаевна және Нұр-сұлтан қаласының№ 5 Қалалық емханасының бас медбикесі Абенова Кульзия Танашевна қатысты.

Кеш барысында, Колледжіміздің жылдар бойы жеткен жетістіктері аталып, қатысушылар назарына колледж оқытып, кәсіби маман етіп дайындайтын мамандықтар туралы видео роликтер мен «Жылдар сөйлейді» атты естелік фотогалереясын тамашалау ұсынылды.

Кеш соңында 1 курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдап, оларға студенттік билет табыс етілді.

Құрметті 1-курс студентері, білім жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын!Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, студенттік кездеріңізді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Құттықтаймыз!

  • 001
  • 002
  • 02
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.