8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

1 қазан – халықаралық қарттар күні

Қадірлі қариялар!

Сіздерді 1 қазан – Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз.

«Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті.

Біз, Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңізді тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп өсіргендеріңіз үшін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілейміз!

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.