8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

«Онкологиялық ауруларды емдеу және алдын алу» тақырыбында онлайн-семинар өтті

Ағымдағы жылдың 5 ақпаны күні «Жоғары медициналық колледж» базасында Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне орай «Онкологиялық ауруларды емдеу және алдын алу» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Семинар барысында колледжіміздің СӨС дәрігері Қойшыбеков Т.Т. «Өкпе қатерлі ісігі – клиникалық емдеу және алдын-алу» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, семинар қонақтары, КЕАҚ «АМУ» дәрігер резиденттері  Сапронова Д. және Қалдыбек Г. «Жатыр мойны обыры клиникасы емдеу және алдын-алу», «Сүт безі обыры клиникасы емдеу және алдын алу» тақырыптарын қозғап, сөз сөйледі.

Семинар соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылып, сұрақтарына жауап берілді.

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.