8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

0302000 «Медбикелік іс» мамандығы

0302043 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігімен

0302043 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігін тағайындап 0302000 «Медбикелік іс» мамандығы бойынша мамандар даярлау 1935 жылдан бастап жүргізіледі.

Оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2016 жылғы 24 қазанда № KZ42LAA00007690 сериялы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген мемлекеттік лицензиясы негізінде шектеусіз уақыт жүзеге асырылады.

Оқу түрі – күндізгі бюджеттік және ақылы негізде, оқыту жалпы орта білім негізінде жүзеге асырылады. 

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Колледждің міндеті – қала мен облыстың медициналық ұйымдарының қажеттіліктерін жоғары білікті орта буын мамандармен қамтамасыз ету.

Жоғары сапалы білім беру қызметтері – колледж жұмысының негізгі басымдығы, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, өз міндетін сәтті жүзеге асырудың негізі болып табылады. Әлеуметтік серіктестермен тиімді ынтымақтастық жалғасуда. Меморандумдар, Нұр-Сұлтан қаласының 28 медициналық ұйымымен ынтымақтастық туралы екі жақты және үш жақты келісімдер жасалған. Әлеуметтік серіктестер тәлімгерлік жүйенің жұмыс істеуін, студенттердің клиникалық тәжірибеден өтуі үшін қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз етеді. Клиникалық тәжірибе теориялық білім, білік, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға және игеруге бағытталған. Жұмыс берушілер түлектерді Қорытынды аттестаттауға қатысады.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

0302000 «Медбикелік іс» мамандығы

көру бойынша мүгедектерге арналған 0302032 «Массажист» біліктілігімен

2014 жылдан бастап көру бойынша мүгедектерге арналған 0302032 «Массажист» біліктілігімен 0302000 «Медбикелік іс» мамандығы бойынша инклюзивті оқыту жүзеге асырылады. Бұл топ мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес орыс тілінде оқытылады. Қол жетімді оқыту ортасы құрылған: пандус және айналып өтетін алаң жасақталған, баспалдақтарды белгілеу үшін  ажырататын түсті жолақ, кіре беріс есіктің алдында тактильді тақтайша, бүдірлі жолақтар, бейінді тактильді жолақ, Брайль қарібі басылған тактильді кестелер орнатылған. Кабинеттер толығымен тифложабдықпен жабдықталған. Студенттерді колледжге және үйіне «Инватакси» жеткізеді.

Кәсіби қызмет көрсету нысандарына амбулаториялық және стационарлық типтегі медициналық мекемелерде, ғылыми-зерттеу институттарында, санаториялық-курорттық мекемелерде, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде балалар мен ересектерге қызмет көрсету болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • массаждың барлық түрлерін орындау;
  • профилактикалық жұмыс және салауатты өмір салтын насихаттау.

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін ҚМА өткізіледі, оған студенттерді қорытынды аттестациялау және біліктілік тағайындау кіреді.

 

  • 1
  • 2
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.