8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж миссиясы – халықаралық стандарттарға бағдарланған, құзіреттілікке негізделген бәсекеге қабілетті, қаланың және аймақтың еңбек нарығында талап етілетін мамандар даярлау бойынша жоғарғы деңгейдегі білім беру қызметін ұсыну.

Талапкер-2021

Мемлекеттік лицензия №KZ01LAA00017352

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ  МКК 2021-2022 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде талапкерлерді қабылдауды жүзеге асырады.

 

Бюджеттік негізде негізгі орта, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім негізінде келесі мамандықтар бойынша:

  • 09130100 «Мейіргер ісі» «Жалпы практикадағы мейіргер» 4S09130103 біліктілігімен (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай.
  • 09130100 «Мейіргер ісі» «Жалпы практикадағы мейіргер» 4S09130103 біліктілігімен (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
  • 09130200 «Акушерлік іс» «Акушер» 4S09130201 біліктілігімен (мемлекеттік тілде). Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
  • 09140100 «Лабораториялық диагностика» 4S09140101 «Медициналық зертханашы» біліктілігімен (мемлекеттік тілде). Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
  • 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен (мемлекеттік және орыс тілінде). Оқу мерзімі 3 жыл 6 ай.

Ақылы негізде жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім негізінде келесі мамандықтар бойынша:

  • 09130100 «Мейіргер ісі» «Жалпы практикадағы мейіргер» 4S09130103 біліктілігімен (мемлекеттік тілде). Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
  • 09120100 «Емдеу ісі» 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігімен (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

Техникалық және кәсіптік білімнен соң ақылы негізде келесі мамандық бойынша: 

  • 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен (жеделдетілген троектория, мемлекеттік және орыс тілдерінде). Оқу мерзімі 1 жыл 6 ай.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында, ақылы негізде 2021 жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • өтініш (колледжде толтырылады);
  • жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
  • білім беру туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • медициналық анықтама (нұсқа 075-У) флюро сурет І, ІІ топтағы және бала кезінен  мүгедек екендігін дәлелдейтін медициналық сараптама анықтамасы (МСЭК) 031-У нұсқа;
  • 3х4 көлемдегі сурет (4 дана).

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №276 бұйрығымен өзгертілген) оқуға түсуші тұлғалар психометриялық тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, мамандық бейініне сәйкес келетін медициналық мамандықтарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, сондай-ақ қолданбалы бакалавр біліктілігіне қысқартылған оқу мерзіміне түсетін тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түрінде арнайы емтихан белгіленеді. 

Арнайы емтихандар, психометриялық тестілеу оқуға түсушілер үшін негізгі орта білім беру негізінде күнтізбелік жылдың 18 тамызын қоса, жалпы орта білім беру негізінде күнтізбелік жылдың 21 тамызын қоса, ақылы негізде – 26 тамызын қоса өткізіледі.

Конкурс Білім басқармасының құжаттары мен нәтижелері бойынша алған бағалары (баллдары) бойынша міндетті және мамандандырылған пәндердің орташа балы (балдары), сондай-ақ Колледж өткізетін арнайы емтихандар бойынша талапкерлерді автоматтандырылған бөлу арқылы ақпараттық жүйесімен, сонымен қатар қабылдау квотасы ескеріліп өткізіледі.

Негізгі орта білім негізінде талапкерлер үшін Конкурс келесі пәндер бойынша өткізіледі:

  1. Міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі);
  2. Бейінді пән (биология, химия).

Жалпы орта білім негізінде талапкерлер үшін Конкурс келесі пәндер бойынша өткізіледі:

  1. Міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы);
  2. Бейінді пән (биология, химия).

Ақылы негізде талапкерлерге арналған конкурсты Колледж 2021 жылдың 26-28 тамызы аралығында өткізеді. Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет - ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді. Студенттерді қабылдау күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.


Мекен жайымыз: 010000,  Нұр-Сұлтан қ., Шәкәрім Кұдайбердіұлы даңғылы, 16.

Телефондар: +7 (7172) 331-567 (қабылдау бөлмесі), 356-008 (есеп бөлімі)

Сайтwww.hmc-astana.kz

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.