8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Сенім телефоны

Әр адамның өмірінде жас мөлшеріне қарамастан, қолдауды қажет ететін, қиын жағдайларда  өзін түсініп, тануға көмектесетін бейтарап тыңдаушыға мұқтаж болатын  кездері болады. Мұндай жағдайда арнайы маманның көмегіне жүгіну – дұрыс шешім болып табылады. «Сенім телефоны» ең қол жетімді психологиялық көмек түрі болып  табылады.

Қиын жағдайға тап болсаңыз, біз Сізбен біргеміз! (7172) 54-76-03 нөміріне телефон шалыңыз. Шұғыл психологиялық көмек көрсету телефоны ақысыз, анонимдік тәртіпте  тәулік бойы жұмыс істейді.

Шұғыл психологиялық  көмек көрсету қызметі

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарға достық көмек көрсетуге ниетті, қандай да бір кризистік жағдайларда адамға қиындықтарды жеңуге көмектесуге қабілетті, түсіне және қабылдай алатын тараптар рөліндегі шұғыл психологиялық көмек көрсету қызметі жұмыс істейді.

Бұл қызмет екі кризистік қолдау кабинеттерімен анықталған:

  1. № 3 емханада орналасқан № 8 балалар мен жасөспірімдерді кризистік қолдау кабинеті, мекенжайы: Біржан сал көшесі, 1. Жұмыс уақыты: күнделікті 9.00-ден 16.00-ге дейін, бейсенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері. Алдын ала жазылу телефоны: 54-70-53
  2. № 4 қалалық емханада орналасқан № 300В ересектерге арналған кризистік қолдау кабинеті, мекенжайы: Шевченко көшесі, 1. Жұмыс уақыты: күнделікті 9.00-ден 16.00-ге дейін, бейсенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері. Алдын ала жазылу телефоны: 54-76-17

Колледждің психологиялық қызметі

Психологиялық көмек пен қолдауды колледжде де алуға болады. Колледж оқытушылары, олардың ата-аналары және қамқоршылары күнделікті  9:00-ден   13:00 –ге және  14:00-ден 17:00 –ге дейін психологтің көмегіне жүгінуіне болады.

Психологтің кабинеті 2 қабатта, 222 кабинетте орналасқан.  Психологиылық кеңес беруді  тәжірибелі оқытушы-психолог өткізеді. Құпиялылықты сақтауға  кепілдік береміз!

Адамға психолог не үшін керек?

Ең алдымен, психолог – оның өміріндегі маңызды адамдармен: ата-аналарымен, достарымен, оқытушыларымен қарым-қатынасқа түспейтін тәуелсіз тұлға. Ол эмоциялық жағынан байсалды, психологке келген тұлға жан толғанысын, сезімін билей алатын, жағдаяттарды түсініп, ең лайықты жүріс-тұрыс бағытын қабылдай алатындай жағдайға жеткізетін, адамның толғаныс жағдайын айнадағыдай көре алатын, объективті көзқарастағы адам.

Басқа сөзбен айтқанда, психолог адамның жан дүниесінде болып жатқан, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасын бұзуға алып келетін эмоциялық толқынды  жеңуге көмектеседі.

Студенттер өз замандастарымен қарым-қатынасқа түсуде пайда болған келеңсіз жағдайлары, оқытушылармен арадағы түсінбеушілігі, ата-аналарымен қарым-қатынасының бұзылуы, достарымен жанжалдасып қалуы сияқты жағдайларда қолдау және мәселенің мән-жайын аңғару  үшін келеді. Сондай-ақ психологтің кабинетіне:

  • сырымен бөлісуге;
  • арманына жол табуға үйренуге;
  • іс-қимылын жоспарлау және жоспарларын толық орындап үлгеруге үйренуге;
  • өзінің қабілетінінің деңгейін анықтауға және оны одан әрі дамытуға;
  • жан толқынысын, шаршағандықты, бойын билеген үрей сезімін басуға;
  • күш-қуатын  және ресурстарын қалпына келтіруге мүмкіндік алу үшін келеді.

Студенттерге арналған психологиялық тренингтерде өзінің ішкі дүниесін танып, қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынасқа түсуге үйренуге болады.

Мен кіммін? Әдеттерім және көңіліме ұнайтын нәрселерім, мінез-құлқым, эмоцияларым мен сезімдерім, рефлексия деген не сияқты тақырыптар, топтарда пікір-таласқа арқау  болатын  мәселелердің кейбіреуі. Сондай-ақ, тренингтер барысында өзара қарым-қатынасқа түсудің базалық дағдылары қалыптасады: тыңдай білу, әр түрлі қарым-қатынасқа түсу түрлері мен әдістері, әңгімені бастау, жалғастыру және тоқтату, хат арқылы байланысу дағдылары.  Тренингтер барысында түрлі мәселелердің шешімін табу әдістері табылады: дау-жанжалды жағдаяттар кезінде өзін ұстай білу, агрессияны шеше білу, сенімді жүріс-тұрыс қалыптастыру, «жоқ» деп айта білу, сын айту жән мақтай білу дағдыларын дамыту, «Мен –  пікірмін» деген сойды жеткізе білу.

Әр адамның өмірде шешімін таба білу керек болатын маңызды мәселелері:

  • өзіңді «қабылдау» – өзіңді қоршаған ортамен  үйлесімді өмір сүре білу, өмірдегі өз мәніңді және өзгеге ұқсамайтын ерекшелігіңді қабылдау;
  • өзіңді толығымен қолдану – өз талантыңды өмірде қолдана білу;
  • жетістікке және танымалдылыққа ие болу – өзің таңдаған сүйікті іс саласында жоғары деңгейлі көрсеткіштерге жету;
  • пайда тигізу – сенің қатысуың, іс-әрекетің туғандарың, қоғам және жер шары үшін маңызды екенін білу.

№ 222 психологтің кабинетіне келіңіздер, өмірдегі маңызды міндеттердің шешімін табу үшін, өздеріңізді толғандыратын сұрақтарыңызды қойыңыздар!

Келіңіздер! Біздің қызмет Сіздерге қол ұшын созуға әрқашанда дайын!

Тағы да, колледжде оқытушыларға, студенттерге және олардың ата-аналарына немесе қамқоршыларына арналған релаксациялық бұрыш жасалған.

Сіздермен жиі кездескенімізге қуанамыз!

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.