8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" 20.01-31.01 2022 жыл аралығында "Біз таза сессияны қолдаймыз!" дәстүрлі акциясы өтуде.

Акция қоғамды сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне нөлдік төзімділікпен қалыптастыруға, студенттердің құқықтық сауаттылығын тәрбиелеуге және оқу орындарында заңнаманың ұстануына бағытталған.⠀

Ел басына күн туған заманда қазақ халқы бір-біріне бауырым деп қолдау көрсетуді азаматтық парызы ретінде санаған.

Біз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледж ұстаздары елдегі болып жатқан террорлық қақтығыстардан қирап, зардап шеккен аймақтардағы халық үшін қызмет көрсетіп отырған мемлекеттік және мемлекеттік емес ғимараттарды орнына келтіру жолында әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өзіміздің бір күндік жалақымызды беру азаматтық парызымыз деп санап, үндеу жариялаймыз!

Барлық оқу орындарының ұстаздар қауымын осы сауапты іске қолдау көрсетуге шақырамыз!

Қазақстан - Тәуелсіз Мәңгілік ел! Ел басына күн туған қиын замандарда ата-бабамыз бірлік пен тұтастықты ту етіп, еліміз бен байтақ жерімізді жаудан қорғап, бізге аманат етіп қалдырған. Тәуке ханның тура жолын, Абылай ханның сара жолын жалғастырып келе жатқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің елдегі болып жатқан қоғамымызға жат іс-әрекеттерге орай жасаған Үндеуін толық қолдаймыз. Мәңгілік еліміздің Туы көк аспанымызда еркін желбіреп, Әнұранымыздың шарықтауы бізге рух береді. Бұл - біздің Отанымыз. Ел тыныштығы мен тұтастығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген ерлеріміздің алдында басымызды иеміз. Соқпағы мол қиын жолда жанын қиған азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз.

Ел тыныштығы - бірлікте! Елдегі болып жатқан уақытша қиындықты Қазақ елі бірге жеңетіндігімізге сенімдіміз! Барлық қазақстандық бауырларды сабырға, төзімділікке, парасаттылыққа шақырамыз!

003.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.