8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Сапа менеджменті жүйесі белгіленген білім қызметін және ол қызметтерді тұтынушылар мен өзге де қызығушылық білдірген тараптардың талаптарын толығырақ қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын қызмет түрлерін үнемі жетілдіріп отыру үшін қолданылады.

Медициналық колледждің сапа менеджменті жүйесі көрсетілетін қызметтердің барлық түрлеріне және жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне, барлық құрылымдық бөлімшелерге таратылады.

Колледжде 2008 жылдан бастап СТ РК ИСО 9001-2001 талаптарына сай сапа менеджменті жүйесі енгізілді. 2009 жылдан колледждің сапа менеджменті жүйесінде СТ РК ИСО 9001-2016 барлық талаптары қолданылады.

2018 жылы колледж СТ РК ИСО 9001-2016 талаптарына сай ресертификациялық аудиттен ойдағыдай өтті және жыл сайын инспекциялық аудит өткізіліп тұрады.

Cапа саласындағы саясаты

Колледж миссиясы – халықаралық стандарттарға бағдарланған, құзіреттілікке негізделген бәсекеге қабілетті, қаланың және аймақтың еңбек нарығында талап етілетін мамандар даярлау бойынша жоғарғы деңгейдегі білім беру қызметін ұсыну.

Сапа саласындағы стратегиялық мақсаттар:

1. СТ ҚР ИСО 9001:2016 ИСО (9001:2016) талаптарына сәйкес білім беру қызметінің сапасы мен оларды ұсыну тәсілдеріне әсер ететін барлық үрдістерді мақсатты және келісілген басқаруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін сапа менеджменті жүйесін құру, енгізу және үнемі жетілдіру.

2. Ғылымның, тәжірибенің даму қарқынына және рынок сұрастарының өзгерістеріне сәйкес құзырлылық әдіс негізінде білім беру қызметінің мазмұның үздіксіз шығармашылық тұрғыдан жетілдіру, білім берудің неғұрлым жаңа бағдарламалары мен технологияларын қолдану.

3. Оқу үрдісін ұйымдастырудың озық әдістерін қолдану.

4. Оқытушылар құрамының және олардың қызметін ұйымдастырудың кәсіби құзырлығының деңгейін көтеруге арналған жұмылдыру әдістері мен көзқарастарын жетілдіру.

5. Қызметкерлер мен білім алушылардың оқу-материалдық базасы және жұмыс жағдайын үнемі жетілдіру және жаңарту.

6. Колледждің барлық бөлімдерінің жұмыс сапасының мониторингін қамтамасыз ететін ақпараттандыру жүйесін енгізу.

7. Колледждің ұйымдастырушылық құрылымын, регламенттеу жүйесін және оның қызметін түгелдей реттеуді үнемі жақсарту.

8. Білім беру қызметінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне қолжеткізген тұтынушы үшін негұрлым тұрақтылық пен болжамдықесебін колледждің инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Күтетін нәтижелер:

  • Жеке имиджді қалыптастыру – жоғары сапалы медициналық қызмет ұсынытын тұрақты және сенімді оқу орнын қалыптастыру;
  • Ішкі және сыртқы тұтынушылардың қажеттіліктілерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету;
  • Колледждің барлық қызметкерлері мен оның тұтынушылары үшін бірыңғай көзқарастар, әдістер, сапа саласындағы мәселелерді шешу іс-әрекеттері негізінде біріздендірілген білім беру қызметінің тиімді сапа мендеджменті жүйесін құру;
  • Білім алушылардың қоғамда өздерін таныта алуы үшін білім, білік, дағдыларды игеруіне кепілдікті қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлердің атқарушылық жауапкершілігіне, мәдениетіне, құзырлығының жоғары деңгейіне, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған әдісіне қол жеткізу.

Басшылық «Сапа саласындағы саясаты» енгізуге бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануға, оның нұсқаулықтарын барлық қызметкерлерге жеткізуге және колледж бойынша орындалуын бақылап отыруға міндеттеледі.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.