8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК тарихы 1935 жылдан, Халықтық денсаулық сақтау комиссариатының шешімімен Ақмола мейірбике мектебі болып ашылған кезеңнен бастау алады.

  • 1938 ж. Бірінші шығарылым жүзеге асырылды. Фахрутдинов Қасым республикадағы жаңа оқу орнының алғашқы директоры болып белгіленді. Тек соғыс алдындағы жылдарда ғана мектеп 180 медициналық мейірбике даярлап шығарды.
  • 1948 ж. Ақмола мейірбике мектебі базасында фельдшерлік, содан кейін акушерлік бөлім ашылады.
  • 1954 ж. Мектеп училище болып қайта құрылады, сол уақыттан бастап училище мынадай мамандарды: фармацевтерді, санитарлық фельдшерлерді, тіс дәрігерлерін даярлай бастайды. Медициналық мейірбикелерді даярлау үшін кешкі бөлім ашылды.
  • 1961 ж. Училищеге Целиноград медициналық училищесі деген жаңа атау берілді.
  • 1994 ж. Оқу орны медициналық колледж мәртебесін алды.
  • 1999 ж. Ақмола облысы әкімінің шешімімен медициналық колледж базасында Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Медициналық колледж» құрылды.
  • 2008 ж. «Медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының  «Медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» атауы берілді.
  • 2013 жылы «Медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» атауы берілді.
  • 2014 жылдан бастап көру қабілеті нашар мүгедектерге арналған «Массажист» біліктілігімен «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқыту  енгізілді.
  • 2014 ж.JAMK қолданбалы ғылымдар университетімен (Ювяскюль қ., Финляндия) халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
  • Оқу орны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 23.07.2014 жылғы №417 «Тәжірибе режимінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын енгізу туралы» бұйрығы негізінде қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын енгізуге арналған базамен айқындалған.
  • 2015 ж.30 қазанда колледждің 80-жылдығына орай "Қазақстан Республикасында мейірбике қызметін одан әрі дамыту туралы. Мейірбике ісі мамандарын даярлаудың заманауи тәсілдері".
  • 2016 ж.техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі бар жұмыс істейтін мейірбикелерге эксперимент режимінде икемді жеделдетілген оқыту траекториясы бойынша қолданбалы бакалавриаттың (орта білімнен кейінгі білім) кіріктірілген білім беру бағдарламасын іске асыру басталды.
  • 2016 ж.Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 106-1469 қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің "Медициналық колледжі" МКҚК Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "жоғары медициналық колледжі" МКК болып өзгертілді.
  • 02.09.2016 ж.мейіргер ісін дамыту бағытында Астана қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжінің JAMK және Lamk (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерімен ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік бойынша өзара түсіністік туралы шартқа және 3-жақты Меморандумға қол қойылды.
  • 16.01.2017 ж.Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "жоғары медициналық колледжі" МКК институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден 5 жыл мерзімге сәтті өтті.
  • 01.03.2018 ж.эксперимент режимінде "мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры" біліктілігімен "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша 46 адам санымен алғашқы түлектер шықты.
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.