8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-сында тәжірибелік оқыту оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, оқу жоспарларына, жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жоғары медициналық колледжде оқу, өндірістік және кәсіби тәжірибелердің ұйымдастырылуы мен өткізілуі нормативті құжаттармен анықталады:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 29 қаңтардағы «Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және тәжірибе базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығы.
  • Астана қаласының Денсаулық басқармасының 2016 ж. 13 наурыздағы «Клиникалық базаларды бекіту және шоғырландыру туралы» № 249-Ө бұйрығы
  • Клиникалық базалармен келісімшарттар жасау.

Кәсіби тәжірибенің ұзақтығы мен өткізу мерзімдері оқу жоспарларымен анықталады. Тәжірибенің өту орнын анықтау Астана қаласының медициналық ұйымдарымен тікелей байланыс негізінде колледж арқылы жүзеге асырылады.

«ҚР 2011-2020 жж. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» орындау үшін және  МЖМБС талаптарына сәйкес Астана қаласының 27 медициналық ұйымдарымен серіктестік жөнінде келісімшарттар мен меморандумдар жасалды.

2014 жылы JAMK (Ювяскюля қ. Финляндия)  қолданбалы ғылымдар Университетімен Халықаралық серіктестік туралы Меморандум жасалды. 2016 жылы JAMK және LAMK қолданбалы ғылымдар Университетімен ұзақ мерзімге стратегиялық әріптестік жөнінде келісімшартқа қол қойылды. 2016 жылдың 2 қыркүйегінде жоғары айтылған университеттермен денсаулық сақтау және медбикелік ісінің даму бағытында 3-жақты стратегиялық әріптестік жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

Кәсіби тәжірибе оқытудың соңғы кезені болып табылады және бағдарламалық материалды орындау бағамы ретінде жүргізіледі. Директордың бұйрығымен тәжірибеден өту кестесі бекітіледі. Білім алушылардың болашақ өзіндік жұмыстарына дайындық сапасын жақсарту мақсатында бағдарлы конференциялар өткізіліп тұрады, оның негізгі мақсаты – бағдарламамен, құжаттама жүргізу барысымен, медициналық ұйымдардың жұмыс тәртібімен және ережелерімен таныстыру.  Тәжірибеге оқу-әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру бойынша тәжірибе бағдарламасының  орындалуын бақылауды бұйрықпен медициналық ұйымның тәжірибелі  білікті мамандардың қатарынан жалпы және тікелей басшылары тағайындалады. Тәжірибе аяқталған соң студентке бағдарламамен көзделген, сәйкес бағасымен мінездеме жасалады. Онда студенттің жұмысқа деген қарым-қатынасы, тәжірибелік манипуляциялардың сапасы мен деңгейі сипатталады. Студенттер тәжірибенің қорытындысы бойынша: жолдама, күнделік, өндірістік тәжірибе бойынша есеп, мінездеме тапсырады. Клиникалық, оқу-өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерден кейін білім кесіктері, тестілеу, аттестация түрінде білім алушылардың тәжірибелік біліктері мен дағдыларын білу деңгейіне аралық және қорытынды бақылау жүргізіледі.

Мамандар даярлауда оқу үрдісінде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес кәсіби қызметті үлгілеу әдісі қолданылады, соған сәйкес оқу үрдісі кабинеттер мен зертханаларда жүзеге асырылады. Барлық қолданыстағы кабинеттер және зертханалар ҚР МЖМББС қарастырылған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауға қатысты санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді.  Кабинеттер мен зертханалар жұмысын ұйымдастыруда төмендегідей міндеттер шешілді:

  • білім алушылардың жұмыс орындарын жабдықтау;
  • кабинеттерді оқу құралдарымен толықтыру;
  • кітапхана қорын (қосымша әдебиет) саны және сапасы жағынан толықтыру;
  • кабинеттерді техникалық жағынан толық жабдықтау;

Колледжде 72 кабинет пен аудитория қолданыста, олар ҚР  МЖМББС сәйкес қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде қажетті жабдықтармен жабдықталған. Олардың ішінде 9 зертхана, колледж ішінде 2 симуляциялық зал, 1 мәжіліс залы, 1 конференцзал, 1 тренажер залы, 1 медпункт, кітапхана, 2 спорт алаңы бар.  

Кабинеттер мен зертханалар жұмысы білім алушылардың кәсіби қызметін қалыптастыруға, тәжірибелік дағдылар мен біліктерді игеруге бағытталған.  2018-2020 жылдарда алынған жабдықтар: жүрек-өкпе реанимациясына арналған фантомдар, емшара үстелшелері, ересек адамдар мен балалардың кеңірдектеріне интубация жасауға арналған жаттықтырғыштар, манипуляциялық үстелшелер, гинекологиялық кресло, гинекологиялық айналар, акушерлік фантомдар, әйел және ер адамға арналған катетеризация фантомдары, химиялық кабинетке арналған құралдар (реактивтер, ыдыстар, колбалар және т.б.), 5 аяқты дөңгелек тіреуіші бар Сэм алып қаңқасы, хирургиялық манипуляцияларды игеруге арналған жаттықтырғыш, ойық жараларды емдеп үйренуге арналған имитатор, 5 бөліктен тұратын әйел жамбасы мен жыныс мүшелері, әйел жамбасы мен жыныс мүшелерінің қаңқасы, баланың туылуын көрсететін жамбас үлгісі, баланың туылу имитаторы, медбике көріп, білу үшін жасалған жаңа туылған нәресте үлгісі, бұлшық етке, көк тамырға және теріге инъекция жасап үйренуге арналған имитатор, түрлі жастағы науқас адамдарға күтім жасауға арналған манекендер.

Инклюзивті білім беру бойынша кабинеттерді жабдықтау мақсатында тифложабдық сатып алынды: студенттердің көру мүшесінің зақымдалуына байланысты кітап оқу үшін арналған автономды құрылғы, стационарлық вбейнеүлкейткіш, бедерлі-нүктелі Брайль қарпімен тактильді графиканы басып шығарғыш.

Колледж ішінде 3 информатика кабинеті, 27 мультимедиалық кабинет, интерактивті тақталармен және мультимедиалық проекторлармен, моноблок және қазіргі заманға сай жергілікті есептеу, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлармен, қолданбалы бакалавриат тобының студенттеріне арналған мультимедиалық кабинетімен, 2 мобильды мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған. Оқу орны техникалық тұрғыда алғанда 207 компьютермен жабдықталған, олардың ішінде 204-і Интернет жүйесіне қосылған. Компьютерлік техника оқу үрдісінде барлық мамандықтар бойынша сабақтар өткізу үшін қолданылады. Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуі және оқытушылардың қосымша сабақтар өткізуі үшін клиникалық пәндер бойынша жазылған дәрістердің қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқалары жасалған.

Колледждің барлық әкімшілік және құрылымдық бөлімдері компьютерлік техникамен жабдықталған. Колледж әкімшілігі, оқытушылары мен білім алушылары  қашықтық оқыту үшін  Microsoft Teams жүйесін, Platonus ААЖ  пайдаланады.

Білім алушылардың білім сапасын, мамандардың дайындық сапасын арттыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологиялар енгізілді.

Басқару үрдісін автоматтандыру мақсатында колледж 2009 ж. 1 сәуірінен бастап Денсаулық сақтау Министрлігінің ДБАЖ пилоттық экспулатациясына қосылды: жергілікті жүйеге жалғанды, сервер орнатылды, оған 8 жұмыс станциясы қосылды. 01.06.256 версиясымен РБЖ (ресурстарды басқару жүйесі) бағдарламасы орнатылды:

  • Кадрлар бөліміне «Денсаулық сақтау ұйымдарында кадрларды есепке алу» модулі.
  • Есеп бөлімінде «Штат кестесін жүргізу», «Электронды төлқұжатты басқару».
  • Оқу үрдісіне «Бітірушілер реестрі».
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.