8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Студенттік кезең – өмірдің ең бір қызықты, мәңгілік ұмтылмастай керемет шағы. Саусақпен санарлық жылдарда күрең күздің жаңбыры да, қытымыр қыстың қақаған аязы да, жаймашуақ жаздың аптап ыстығы да, көгілдір көктемнің батпақтары да білінбестен тез өте шығады. Көретінің де, білетінің де көп…

2020 жылдың 3 қараша күні «Жоғары медициналық колледжінің» оnline Mc.Teams платформасында 1-курс студенттерін «Cтуденттік қатарға қабылдау» салтанатты рәсімі өтті.⠀
Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен ашылды.

Колледжіміздің директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы өз құттықтау сөзінде студенттерімізді мерейлі мерекелерімен құттықтап, жүректен шыққан ақ тілегін арнады.⠀

Сонымен қатар, осы аталған іс-шараның қадірлі қонағы болып «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» басшысының орынбасары Рүстемова Алия Шайзадаевна, «Nur Otan» партиясы «Jas Оtan» Жастар қанаты Елордалық филиалының төрағасы Жанділдаев Бақдаулет Болатұлы, Нұр-Сұлтан қаласының № 7 Қалалық емханасының бас дәрігері Куанышева Айгуль Шалабаевна және Нұр-Сұлтан қаласының № 5 Қалалық емханасының бас медбикесі Абенова Кульзия Танашевна қатысты.⠀

Кеш барысында, Колледжіміздің жылдар бойы жеткен жетістіктері аталып, қатысушылар назарына колледж оқытып, кәсіби маман етіп дайындайтын мамандықтар туралы видео роликтер мен «Жылдар сөйлейді» атты естелік фотогалереясын тамашалау ұсынылды.⠀

Кеш соңында 1 курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдап, оларға студенттік билет табыс етілді.⠀

Құрметті 1-курс студенттерi, білім жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын! Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, студенттік кездеріңізді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Құттықтаймыз!⠀

Челлендж #МеніңТуымМенің Отаным

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.