8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Сараптамалық-диагностикалық жұмыс үрдістің нәтижелігі мен тиімділігін анықтауға бағытталған.

  • Біліктілікті арттыруды қамту;
  • Жаңа технология элементтерін енгізу;
  • Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік жұмысын қамту;
  • Конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысу;
  • Оқытушылардың біліктілік санатын арттыру;
  • Авторлық бағдарлама. Шығармашылық топтардың есебі.

Біліктілікті арттыру.

Педагогтардың кәсіби шеберліктерін дамыту және білім беру жүйесіндегі мамандардың теориялық және тәжірибелік білімдерін біліктілік деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жаңарту және кәсіби мәселелерді шешудің инновациялық әдістерін игеру қажеттілігі оқытушылардың біліктілігін арттыру болып табылады. Біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес оқытушылар денсаулық сақтау мен білім берудің әр түрлі өзекті мәселелері бойынша оқудан өтеді.

2019-2020 оқу жылында 63 оқытушы келесі бағыт бойынша: «Современное компетентностно-ориентрованное сестринское образование», «Управление болью» клиникалық медбикелік жетекшілік бойынша тренерлерді оқыту, «Подготовка тренеров в рамках национальной образовательной программы для наставников в области сестринского дела», «Доказательное сестринское дело-внедрение наилучших мировых практик», «Менеджмент научных исследований в сестринском деле», «SOFT SKILIS  как необходимые навыки в повышении профессионального мастерства современного педагога»,  «Профориентация как неотъемлемая часть работы современного учебного заведения», «Развитие профессиональной компететности преподавателей ТиПО в условиях модернизации образования», «Өрлеу» БАИ оқыды. Курстарды оқу нәтижесі колледждің әдістемелік кеңесінде есеп беріліп, оқу үрдісіне енгізу бойынша сұрақтар қарастырылады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 041
  • 05
  • 051
  • 052
  • 053
  • 054
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092

2020-2021 оқу жылында оқытушылардың біліктілікті арттыруы.

«Развитие и совершенствование IT-компетенций педагогов» - 67 оқытушы; «Профессиональное развитие педагога системы ТиПО в условиях обновленного содержания образования»-15 оқытушы. Актуальные подходы к анализу современного урока – 7 оқытушы;  «Ключевые  компоненты критериального оценивания» - 6 оқытушы; Халықаралық достастық аясында 6 оқытушы; «Современное компетентностно-ориентированное сестринское образование», «Оценка на основе компетенций», Методы преподавания и оценки, основанные на компетенциях в подготовке медицинских сестер», «Обучение тренеров по сестринским руководствам «Сердечная недостаточность» и «Реабилитация кардиологических больных», «Введение в основы доказательной сестринской практики и исследований в сестринском деле»  тақырыптары  бойынша халықаралық деңгейдегі курстардан өтті.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 071
  • 072
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093

Инновациялық технологиялар элементтерін енгізу

Білім беру үдерісін жақсарту тәсілдерінің бірі - оқытудың инновациялық әдістерін қолдану. Жалпыгуманитарлық және жалпыкәсіптік пәндерде (оқытушылардың 39%) оқытудың интерактивті, ынтымақтастық технологиясы, проблемалық оқыту, ойын технологиясының элементтері, компьютерлік технология әдістерін пайдаланады. Тәжірибелік сабақ барысында МҰ-да болу атмосферасын құруға үлес қосуда, адамгершілік, коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруда, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін  рөлдік ойындар әдістері кеңінен қолданылады. Студенттердің оқу қызметін жақсарту үшін арнайы пәндер оқытушылары (51% - дәрігер оқытушылар) клиникалық пәндерді оқытуда «нақты жағдаяттар»: ситуациялық-мәселелер, ситуациялық-бағалар, ситуациялық-иллюстрация, алгоритм бойынша ауру тарихын талдау әдістерін пайдаланады.  Тәжірибеде симуляциялық оқыту, «динамикалық тапсырмалар» әдісі, клиникалық ойлауды дамытатын есептер жиі қолдану студенттердің тез арада дұрыс шешім қабылдауға үйретеді және оларды болашақ қызметіне жақындата түседі. Оқытудың белсенді түрлерін қолдану студенттердің кәсіби ортада сұранысқа ие болуына, әлеуметтік өмірге сәтті бейімделуіне мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылардың осындай деңгейіне қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқыту аясында ААЖ «Platonus», «Google Classroom» бұлтты платформасы қолданылады. ААЖ «Platonus» порталында, «Google Classroom» бұлтты платформасына оқытушылар дайындаған видеосабақтар, студенттерге арналған тесттік, тәжірибелік тапсырмалар материалдары, өзіндік жұмыстар мен тапсырмалардың басқа да түрлеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар салынады.

  • 01
  • 02

Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік жұмысын қамту

Зерттеу жұмысының әдістемесі мен әдістерін меңгеру және кәсіби ғылым төңірегінде өз білімін жүзеге асыру, оқу пәндерін меңгеру үшін колледжде оқытушылардың жетекшілігімен 24 ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды (Оқытушылар мен студенттердің оқу – зерттеу қызметі туралы бұйрық №839 06.11.2019 ж). Оқу-зерттеу жұмысымен айналысатын оқытушылар мен студенттер саны - 464, 49,6% құрайды.

  • 01
  • 02

2020 жылдың мамыр айында келесі бағыттар бойынша онлайн тәртібінде колледжішілік конференция өткізілді:

  1. Қазіргі қоғамдағы ғылым және оның рөлі;
  2. Қоршаған орта және халық денсаулығы;
  3. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  4. Медициналық және әлеуметтік күтім.

Конференцияға студенттердің үздік жұмыстары таңдап алынды. Барлығы 15 жұмыс. Барлық студенттер диплом алды.

  • 01
  • 02

Конкурстар, олимпиадалар мен конференцияларға қатысу

Тұлғаның кәсіби қалыптасуы критерилерінің бірі байқаулар, олимпиадалар мен ғылыми-конференциялар болып табылады. Колледж оқытушылары мен студенттері байқаулар, олимпиадалар мен кәсіби шеберліктер және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді түрде қатысады. 2020 жылы қалалық деңгейде: «Лучший молодой специалист»  Қабиболла А., «Лучший педагог года»   Құлахметова Р.М. оқытушылар қатысты. Қашықтықтан оқыту аясында «On-line репетитор» байқауы өткізілді, мұнда порталға оқытушылардың үздік видеосабақтары салынды.

Республикалық деңгейде оқытушылар бірнеше іс-шараларға қатысты: психология бойынша он-лайн байқау – 4 жүлделі орын, «Лучший преподаватель специальных дисциплин» - қатысқаны үшін сертификат, «Квалифицированный педагог сферы образования», «Деятель сферы образования»,  «Лучший педагог физической культуры», «BILIM –ORKENIETI» ғылыми-зерттеу ортылығын мен  Нұр-Сұлтан қ білім беруді жаңғырту ортылығының біргелікте ұйымдастырған курсына - 11 оқытушы қатысып, дипломмен марапатталды. «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Лучший инновационный урок - 2020», «Лучшая научная статья» - 3 оқытушы қатысып, нәтижесінде жүлделі орынмен куәландырылды.

  • 01
  • 02
  • 021
  • 03
  • 04

«Триада» байқауы «Білім: болашаққа көзқарас» «Лучшая методическая разработка» номинациясы бойынша - І деңгейлі диплом, «Лучшая научная работа» медицина бағыты бойынша – ІІІ деңгейлі дипломмен марапатталды.

  • 01

Халықаралық деңгейдегі «Исследовательская деятельность в сестринском деле» тақырыбындағы он-лайн олимпиадасына 9 арнайы пәндер оқытушылары қатысты, олардың біреуі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Нәтижесінде: 36 -  оқытушы қатысып, олардың ішінде 23-і жүлделі орынға ие болды.

Студенттердің кәсіби байқауларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, жас ақындар байқаулары, олимпиадаларға  - 158 қатысты, олардың – 141 жүлделі орынға ие болды.        

Оқытушылардың біліктілік санатын көтеру. Оқытушылардың аттестациясы.

Оқытушының біліктілік санатына аттестациядан өтуі, оның кәсіби қызметіндегі маңызды кезең болып табылады және оның кәсіби-педагогикалық деңгейін көтеру жүйесіне кіреді.

Аттестациядан өту және оқытушылардың жетістіктерін сараптау үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін eportfolio.kz. порталына орналастырылатын  электронды портфолио әзірленеді.

2019-2020 оқу жылында – 9 оқытушы аттестациядан өтті, олардың ішінде 1 оқытушы жоғары санат, 1 оқытушы бірінші санатты растады, 4 оқытушы бірінші санатты, 3 оқытушы екінші санатты қорғады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08

2020-2021 оқу жылында «TжКББ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымға ие оқытушыларды аттестаттау ережелері мен шарттары» бойынша (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 27 қаңтар 2016 ж №83, 14.05.2020 №202 өзгертулер мен толықтырулар бұйрығы) педагогикалық құрамнан 9 өтініш берілді, оның ішінде: педагог – шебер – 4 оқытушы, педагог-зерттеуші 2 оқытушы, педагог-экспертке 1 оқытушы, педагог-модераторға 2 оқытушы өтініш берді.

2020 жылдың желтоқсан айында оқытушылар Б.Ш.Каримбаеваға педагог –шебер, С.С. Туканаеваға педагог-зерттеуші, К.К.Джолдиноваға педагог-зерттеуші біліктілік санаты тағайындалды. Қалған оқытушылар Ахмет К.Ы., Құлахметова Р.М., Майжанова Г.Т., Ақбергенова А.И., Қабиболла А.Қ., Битенова Т.А. 2021 жылдың сәуір айында өтеді.

  • 01
  • 02
  • 03

Авторлық бағдарламалар. Шығармашылық топтардың есебі.

Оқытушылардың ғылыми белсенділігінің көрсеткіштерінің бірі бұл баспа ісі  қызметі. 2019-2020 оқу жылында оқытушылардың «Есіл», «Валеология» «QAZAQ BILIMI», «Тағылым», «Алгоритм», «Зияткерлік қоғам», «Астаналық  әдістеме» Республикалық ғылыми-педагогикалық, ғылыми-тәжірибелік журналдар мен газеттерге - 18 мақаласы жарияланды, әртүрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жинақтар жарияланды. «Клиникалық электрокардиография, «Анатомия» «Логикалық сызба-нұсқа», «Латын-қазақ-орыс сөзігі», «Сестринское дело в акушерстве и гинекологии» студенттерге қосымша әдебиет ретінде оқытушылар ЭКГ бойынша оқу құралын дайындады. 2020-2021 оқу жылында оқытушылармен «Қарым-қатынас мәдениеті негіздері» оқу-әдістемелік құрал  және «Стоматология мамандарына арналған тесттік тапсырмалар жинағы» атты оқу-әдістемелік құрал құрастырылды.

 

003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.