8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Білім кластері және үлестірушілік кеңес қызметі туралы Ережелерге сәйкес, Астана қ. білім модернизациясы орталығының басшысы Г.Ибраеваның бекітуімен (07.09.2018ж.), Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» МКК «Медициналық білім беру» кластері бойынша жетекші колледж болып табылады.

«Медициналық білім беру» Кластерінің қызметінің мақсаты Астана қаласы ТжКББ ұйымдарында білім сапасын ең жақсы көрсеткіштермен теңестіру болып табылады.

Міндеттері:

  • Кадр потенциалын жетілдіру;
  • Білім беру ұйымдарында білім сапасын көтеру;
  • Білім берудің жаңаланған мазмұнын жүзеге асырудағы тиімділік жетістігі;
  • Білім беру басқармасына халықаралық тәсілдер кіріктіру;
  • Білім беру ұйымдарының қызметінің ашықтығы;
  • Салааралық қауымдастықпен байланыс орнату.

Негізгі бағыттар: мамандықтар бойынша білім мазмұнын жаңарту

Қатарлас бағыттар:

  • дуалды оқыту;
  • салааралық және әлеуметтік серіктестік;
  • білімберу процесіндегі инновациялық технология;
  • педагогтардың үздіксіз білімі;
  • халықаралық серіктестік және тәжірибе алмасу;
  • профессионализмді дамыту үшін МТБ қаматамасыз ету.

Кластер құрамына кіретін колледждер:

  1. «Даналық» колледжі;
  2. «Медико-техникалық колледжі» ЖШС;
  3. «Шипагер» медицинлық колледж мекемесі;
  4. ««Томирис» Медициналық колледжі» ЖШС;
  5. «Республикалық Медициналық Академия» ЖШС;
  6. « «Парасат» Көппрофильді колледж» мекемесі.

2019-2020 оқу жылына «Медициналық білім беру» кластері бойынша жұмыс жалғастырылады. 2019-2020 оқу жылына Кластер жұмысының жоспары құрылды.

  • 001
  • 002
  • 003
  • 004

Міндеттері:

  • Модернизация жұмысы процесінде оқыту мен сабақ беру бойынша тиімді тәсілдерді анықтау;
  • Оқыту мен сабақ беру бойынша заманауи тәсілдерді кіріктіру;
  • Педагогикалық қызметкерлер құрастыған желілік әдістемелік құрылымның дамуы.
  • 2019 жылдың 11 желтоқсан күні  “Медициналық мамандықтар бойынша жаңа мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізу” атты дөнгелек үстел өткізілді. Осы іс-шараға Нұр-Сұлтан қ. медициналық колледждер (серіктестік колледждер) оқытушылары қатысты. Бағдарлама бойынша 2019 ж. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың орындалуы туралы баяндама оқылды. Баяндама сонында тақырыпқа сәйкес пікір-алмасу, талқылаулар болды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

2020 жылдың 4 наурызында “Томирис» медициналық колледжінде  Нұр-Сұлтан қаласы медициналық колледждерінің 1 курс (11 сынып негізінде), 2 курс (9 сынып негізінде) оқитын  студенттер арасында «Үздік анатом» атты ІІ қалалық интеллектуалды байқау ұйымдастырылды. Байқау «Медициналық  білім беру» класстердің 2019-2020 оқу жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Байқауға қаланың әр медициналық колледжінен 1 қатысушы студент және оның ғылыми жетекшісі қатысты.

Байқау екі теориялық және тәжірибелік кезеңнен  тұрды,  кезеңдерде мынадай тапсырмалар болды: «Анатомия – медицинаның негізі», «Блиц-сауалнамалар», «Қырағы көз» сайысы,  «Шебер қол», «Ойлан-тап» тақырыбындағы тапсырмалар орындау барысында студенттер анатомия пәнінен өз білімдерін көрсете алды. Қатысушылардың  медициналық терминдерді қазақ, орыс, латын тілдерінде біліп қолдануына да назар аударылды.Үй тапсырмасы «Менің кәсібім – медицина» тақырыбындағы рөлдік ойындарға жанкүйерлер де қатысты.

Байқаудың әділқазылар алқасына әлеуметтік серіктестер Сагандыков  Жаналык Карипуллович – №11 емханасының  бас дәрігері, Беркенова Алтай Кабиевна – №6 қалалық емханасының  аға медбикесі, Исина Нағима Саткеновна – Нұр-Сұлтан  қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері және Күзембаева Әмина Оспановна – медицина ғылымының кандидаты, АМУ-ң аға оқытушысы, «Анатомия» оқулығының авторы шақырылды. Әділқазылар алқасының мүшелері қатысушыларды бағалап, әділ қорытынды шығарды.

Байқау нәтижесі бойынша  І-ші дәрежелі дипломмен және байқаудың кубогымен «Даналық» колледжінің студенті Өсербай Бекзат марапатталды

(ғылыми жетекшісі Амангельдинов А.А.), ІІ-ші дәрежелі дипломмен «Томирис» Медициналық колледжінің  студенті Алайдар Бейбарыс (ғылыми жетекшісі Жакипбаева Г.Е.),  ІІІ-ші жүлделі орынға Жоғары медициналық колледжінің студенті Холдикулов Адил Бахтиевич (ғылыми жетекшісі Цветкова Л.В.)  және «Шипагер» медициналық колледжінің студенті Муканова Асель (ғылыми жетекшісі Кунафина Б.И.). Басқа қатысушылар:   Бапаев Айдос Республикалық  медицина академиясы колледжінің студенті (Касымбеков В.К.), Медико-техникалық колледжінің студенті Таран Дарья (Хасанова С.М.) және «Парасат» көпсалалы колледжінің студенті Хайдарова Баян (Маканова У.К)  Мадақтамалармен марапатталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.