8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж миссиясы- қаланың және өңірдің еңбек нарығында талап етілетін құзыреттілік әдіс негізінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды мақсат тұтқан  Халықаралық стандарттарға бағытталған жоғары сапалы білім беру қызметін ұсыну.

Сапа аясындағы стратегиялық мақсаттар

  1. Білім беру қызметі сапасына және оларды ұсыну амалдарына әсер ететін барлық үрдістерді мақсатты түрде және келісілген түрде басқаруға қолжеткізуге мүмкіндік беретін ҚР ИСО 9001-2016 СТ талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіріп отыру.
  2. Ғылым, тәжірибенің және нарық сұраныстары өзгерістерінің даму қарқындылығына сәйкес біліктілік әдісі негізінде білім беру қызметі мазмұнын үздіксіз шығармашылық тұрғыда жетілдіріп отыру, тиімді білім беру технологияларын қолдану.
  3. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспары (79-қадам) – ағылшын тілінде оқытудың орындалуы.
  4. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы:

 – ҚР 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бағыттары бойынша: кәсіптік білім алу үшін жағдай жасау арқылы жастар әлеуметтік-экономикалық ықпалдастығы; оқу орындары беделін арттыру; білім алуға қолжетімділігін және кадрларды дайындау сапасын қамтамасыз ету;

– 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту, қауіп факторларын алдын алу, санитарлық және әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету;

  1. Оқытушылық құрамның кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру және оның қызметін ұйымдастыру үшін мотивация қағидалары мен әдістерін жетілдіру.
  2. Ақпарат алмасу, білім беру үрдісінің нәтижесіне талдалдама жасау үшін қызметкерлердің АКТ құзыреттілін жетілдіру, білім бері үрдісінің тиімділігі және ашықтығы үшін барлық мәліметтер базасын кіріктіру.
  3. Қызметкерлер мен білім алушылардың жұмыс жағдайлары мен оқу-материалдық базасын толықтыру және жаңарту.
  4. Білім беру қызметтері сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне қолжеткізетін тұтынушыларға орасан зор тұрақтылық пен алдын ала болжам жасау есебінен колледждің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру.
  5. Мамандар даярлау үрдісінде колледжде медициналық білім беру ұйымдарымен кіріктіру, біріккен жобалар мен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде халықаралық қатысулармен жүзеге асыру.

Қызметтің басты бағыты: ұйымдастыру –педагогикалық, оқу-әдісетмелік, эксперттік-диагностикалық.

  • Жаңадан келеген оқытушылармен таныстық, олардың шығармашылық потенциалын, әрбір оқытушының қызметтік жобасын анықтау (ЖОМ, ЦӘК хаттамалары).
  • 2019-2020 оқу жылына колледждің жұмыс Жоспарын бекіту. (02.09.2019 ж. №1 педагогикалық кеңес хаттамасы)
  • Студенттерге білім мониторингін жүргізу (педагогикалық кеңес хаттамасы).
  • Студенттердің білімі мен қасиеттерінің қалыптасуы
  • Оқытушылардың тиімді қызметін белгілеу  үшін таңдалған педагогикалық технологияларын, біліктілікті арттыру курстарын,  оқытушылардың өзін-өзі жетілдіру жоспарын орындау нәтижесін оқу тәжірибесінде  жинақтау.
  • «Оқуға студенторталықтандырылған концепциясын» жүзеге асыру. (аттестация аясында колледждің ашық есік күні)
  • Бірінші курс студенттері арасында моральдық-психологиялық жағдай құру мәселесіне ерекше назар аударылады.
  • Колледждің педагогикалық ұжымының әдістемелік тақырыбы, жоспарланған оқытуды жүзеге асырудағы құрылған шарттар, өзіндік білімді жетілдіру,оқытушылардың және студенттердің зерттеу жұмыстыры,ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысуын талап етеді.
  • ҚР 2016., 2019 ж. МЖБС сәйкес Мемлекеттік аттестация нәтижесі, ағымдық, ауысымдық емтихандар өткізу үшін білімді бақылау кешендерін қарастыру және бекіту мәселелері әрқашан назарда болады. (әдістемелік кеңес хаттамасы)
  • Оқытушылардың авторлық бағдарламалары, ОӘК бойынша топтардың шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету. (әдістемелік кеңес хаттамасы)

Позитивті тенденция (үдеріс, беталыс)

  • Біліктілігін арттыратын оқытушылардың санын көбейту;
  • Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың үлесінің өсуі;
  • Заманауи оқыту технологияларының элементтерін пайдалану;
  • Баспасөз қызметінің белсенділігі.

Жұмыстың бағыты:

  • Жекелеген әдістемелік жұмыс;
  • Пәндік циклдық комиссия;
  • Жас оқытушылар мектебі (әріқарай ЖОМ);
  • Тәлімгерлер мектебі;
  • Оқытушылардың біліктілігін арттыру;
  • Оқытушылардың аттестациясы;
  • Инновациялық технологияларды кіріктіру;
  • ҚР Медбикелік іс реформасы аясында ҚР МЖМББС құрастыруы бойынша, түлектердің тәуелсіз емтихан тесттеріне сараптама жасау үшін жұмыс топтарының қызметі;
  • Колледждің әдістемелік кеңесі

Әрбір деңгей бойынша Жұмыстың әсерлі түрлері мен әдістері:

  • Жекелеген әңгімелесу мен кеңестер;
  • Теориялық семинарлар (баяндамалар, хабарламалар);
  • Ғылыми семинарларға, денсаулық сақтаудың әртүрлі аспектілері бойынша және пәндік семинарларға, әртүрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу;
  • «Кәсіпқор» ҰАҚ, БАИ және т.б. курсы арқылы оқып, Халықаралық деңгейдегі шебер-кластарға қатысып біліктілікті арттыру;
  • Медицина және ғылымның психолгиялық-педагогикалық жетістіктері аясындағы заманауи жаңа әдістемелерді, технологияларды меңгеру және пайдалану;
  • Циклдың комиссия деңгейінде: жекелеген ашылуларды, өзара сабаққа қатысуды, авторлық бағдарламаларды талқылау және баға беру, оқу құралдарын, оқу дициплинасының ОӘК, «білім кесіктері» нәтижелерін талқылау, студенттерге жүргізілетін тест сұрақтарын талқылау.
  • Онкүндіктер
  • Кәсіби конкурстар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және т.б.
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.