8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

«Мейіргерлік ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен «Мейіргер ісі» ОӘБ

ҚР мейіргер ісін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарын, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі Жол картасын, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін іске асыру мақсатында Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша ОӘБ келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты жүзеге асыру;
  2. «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын іске асыруды қолдау;
  3. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы оқытушыларының кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін дамыту;
  4. Мейіргер ісінің барлық қажетті бағыттары бойынша клиникалық тәжірибені жүзеге асыру үшін жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу;
  5. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының тиімділігін бақылау;
  6. Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру;
  7. Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, студенттерді кәсіби ортаға тарту;
  8. Халықаралық әріптестік және жұмыс берушілердің қатысуымен бірлескен жобалар мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
  9. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасуын мониторингілеу.

Осы бағыттарды іске асыру үшін 2022 жылға арналған Қолданбалы бакалавриат ББ ОӘБ жұмыс жоспары әзірленді, ЗТБ «Қазақстан медициналық колледждерінің одағы, ҚР Жоғары медициналық колледждерімен  қаралып,  келісілді және А. Саржанова ОӘБ төрайымымен бекітілді.

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес «Анатомия. Физиология. Патология» Қазақстан Республикасының Жоғары медициналық колледждері арасында (15 колледж). Оқытушылар Мусажанова М.К., Цветкова Л.В. олимпиада тапсырмаларының материалдарын әзірлеуге белсенді қатысты. Нәтижесінде колледжден 2 студент (1-дәрежелі диплом), жетекшілері Мусажанова М.К., Цветкова Л.В. (мамыр, 2022 ж.).

  • 01
  • 02

2022 жылдың наурыз айында ОӘБ жоспарына сәйкес Қызылорда жоғары медициналық колледжінде қолданбалы бакалавриат бағдарламасының студенттері арасында «Мейіргердін ғылымға қосқан үлесі» атты республикалық байқауы өтті. Колледжден А.Жумбайқызы, жетекшісі: Кулахметова Р.М., 1-дәрежелі дипломға; Акбарова А. - жетекшісі Ахметова Г.Б., 2-дәрежелі дипломға ие болды.

  • 01
  • 02

2022 жылдың сәуір айында ОӘБ жоспарына сәйкес қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылар арасында «Медициналық білім берудегі жаңа көзқарас» тақырыбында педагогикалық оқулар өтті. Ұйымдастырушы колледж: Қостанай жоғары медициналық колледж.  Колледжден жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Жумагулова Б.Т. қатысты. Ол «Оқытудың белсенді формалары: дәстүрлер мен инновациялар» секциясы бойынша «Оқу үдерісіндегі кейс-технологиялар» атты баяндамасын ортаға салды. Нәтижесінде, оқытушы Жумагулова Б.Т. І дәрежелі дипломға ие болды.

  • 01

2022 ж. 27 қыркүйек айында  ОӘБ  жұмыс жоспарына сәйкес ҚР жоғары медициналық колледждердің қатысуымен отырыс өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Курстық жұмысты орындау туралы ережені қарау және бекіту. Баяндамашы: Аманова Е.Г.- Республикалық жоғары медицина колледжінің қолданбалы бакалавр кафедра меңгерушісі.
  2. 2022 жылы Қолданбалы бакалавриат ББ түлектерінің жұмысқа орналасуын талдау. Баяндамашы: Қадышева И.В. - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.
  3. Баяндама (сабақ фрагменті) «Клиникалық пәндерді жүргізудегі заманауи оқыту әдістері» (жұмыс тәжірибесінен). Баяндамашылар: Жоғары көпсалалы медициналық колледж «Түркістан», Бабажанова У.М., Абдужаппарова А.С. Қазақстан-Фин магистратурасының мейіргер ісінің магистрлері.

Курсттық жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық


2021 жыл

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
2022-kz.png
© Copyright 2022 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж