8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Нұр-Сұлтан, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Нұр-Сұлтан  қаласындағы халыққа қызмет көрсететін медициналық ұйымдар Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу орталығы /БШАЖО/ бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

Колледж базасында қалалық БШАЖО орталығы жұмыс істейді.

Жаңадан қабылданған БМСК қызметкерлерін оқытудың айлық жоспары және мониторингке бару кестесі бар. Оқу аудиториялары мультимедиялық жабдықпен, көрнекі әдістемелік әдебиеттермен, стендтермен және манекендермен жабдықталған. Тәжірибелік сабақтар үшін №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы базасында оқу аудиториялары, сондай-ақ №7 қалалық емханадағы балаларды дамыту бөлмесі және дәрігердің қабылдау кабинеттері қолданылады.

Орта медициналық қызметкерлерді оқытуды мейірбике – нұсқаушы Ж.Н.Бейсенова жүргізеді. Орталық қызметкерлері қаланың медициналық ұйымдарына БШАЖО негізгі бөлімдері бойынша және ӘПМ-ді (әмбебап - прогрессивті модель) енгізу бойынша кеңес беру-әдістемелік көмек көрсетеді.

2020 жылдың 12 айында БШАЖО орталығында барлығы 383 медицина қызметкері келесі циклдарда оқыды:

ОКБО (орнатылған компьютерлік-бейімделген оқыту 109 адам, оның ішінде: басшылар – 4, дәрігер пдаиатрлар – 28, ЖТД – 44, фельшерлер – 18, инфекционист дәрігер – 1.

Жоғары медициналық колледждің (ПОҚ) профессорлық-оқытушылық құрамы – 14 адам.

ЕБШД (ерте балалық шақтағы даму)  - 274 мейірбике оқытылды.

«Әмбебап-прогрессивті модель» бағдарламасы бойынша барлығы 96 адам оқытылды, оның ішінде дәрігерлер – 21, мейірбике – 61, әлеуметтік қызметкерлер – 10, психолог – 4.

БШАЖО үйлестірушілері дәрігерлерден, Нұр-Сұлтан қаласындағы 18 БМСК көрсету мекемесінде орта медициналық қызметкерлер арасынан ПМК бойынша үйлестірушілер тағайындалды.

Қаланың 18 медициналық ұйымында БШАЖО және ӘПМ бойынша оқу кабинеттері ашылды. №11 қалалық емханада қосымша тағамдарды дайындайтын Ресурстық орталық ұйымдастырылды (Сороковая ст.).

30 БМСК медициналық қызметкері 16 сағат «Үйдегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбы бойынша онлайн режимде оқытылды.

БШАЖО және ӘМП Ұлттық оқытушысы З.М.Оспанованың қатысуымен ата-аналарға (234 адам) үй жағдайындағы апаттық жағдайлардың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту (қашықтықтан) жүргізілді.

Қалалық МҰ-да БШАЖО бойынша 64  мониторинг және ӘМП бойынша сырттай қадағалау жүргізілді.

Қаланың БМСК-де: «№4; 6; 7; 9; 10 қалалық емханалар» ШЖҚ МКК, сыртқы қадағалауды ЮНИСЕФ сарапшылары (Есимова Д.Г., Ким Н.Г.) және ӘПМ-ді іске асыру жөніндегі аймақтық үйлестіруші жүзеге асырды.

  • 01
  • 02
003.png
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.